Тәуелсіздік тұғырым

Страницы: <<  <  86 | 87 | 88 | 89 | 90  >  >>

идің мұрагер бекзадасы шейх Халифа бен Заид Әл Нахаянның Қазақстанға 2002 жылғы жауап сапары нәтижесінде Қазақстан мен БАӘ арасындағы қатынастардың берік іргетасы қаланды.
2006 жылғы ақпанда Қазақстан Республикасының Президенті Н. Ә. Назарбаевтың Біріккен Араб Әмірлігіне сапары болды. Оның барысында тараптар Қазақстан Республикасы мен БАӘ-нің іс-қимылдар жоспарына қол қойды.
Қазақстан төуелсіздігінің 10 жылдығына байланысты Қазақстан Республикасының Президенті Н. Ә. Назарбаев 2002 жылы шейх Халифа бен Заид Әл Нахаянды 1-дәрежелі «Достық» орденімен марапаттады63.
Қазақстанның Катармен екі жақты қатынастары қарқынды дамып келеді. 1998 жылғы сәуірде Сыртқы істер министрі Шейх Хамад әл Тани бастаған Катар делегациясы Алматы қаласында ресми сапармен болды. Келіссөздердің қорытындылары бойынша Қазақстан мен Катар Сыртқы саясат ведомстволары арасындағы кеңес беру туралы хаттамаға және Өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойылды.
1999 жылғы сәуірде Астана қаласына Катар өмірі шейх Хамад бен Халифа Әл Тани ресми сапармен келді, оның барысында тараптар Бірлескен мазмұндамаға қол қойды. Катардың Астана қаласында Сұлтан Бейбарыс атындағы Ислам-мәдени орталығын салуға грант бөлуі туралы уағдаластыққа қол жеткізілді, оның құрылысы 2005 жылы аяқталды және «Нұр-Астана» Ислам-мәдени орталығы болып қайта аталды. Бүгінгі танда мұндай мекеме Орталық Азиядағы ең ірі мекеме болып табылады.
Қазақстан Республикасы мен Оман Сұлтандығы арасындағы дипломатиялық қатынастар 1992 жылғы 27 сәуірде орнатылды. 1992 жылғы маусымда Қазақстан Республикасы мен Оман Сұлтандығы арасында Каспий теңізінен Қара теңізге дейін мұнай құбырын салу жөніндегі консорциум құру туралы (Каспий құбыр желісі консорциумы - КҚЖ) үкіметаралық келісімге қол қойылды. 1996 жылғы 27 сәуірде тараптар

Страницы: <<  <  86 | 87 | 88 | 89 | 90  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: