Тәуелсіздік тұғырым

Страницы: <<  <  83 | 84 | 85 | 86 | 87  >  >>

ң үкіметі мен АИМ үкіметі арасындағы сауда-экономикалық ынтымақтастық туралы келісімге қол қойылды. Тараптар лаңкестік пен есірткі бизнесіне қарсы күрестегі ынтымақтастықты, сондай-ақ Қазақстан компанияларының Ауған нарығына шығуы және олардың Ауғанстан экономикасын калпына келтіру бағдарламаларына қатысу жолдарын талқылады. Өзара сауда көлемін ұлғайтудың нақты бағыттары айқындалды.
2002 жылғы тамызда Қазақстаннан Ауғанстанға 3 мың тонна бидай азығын тегін гуманитарлық көмек шеңберінде және 85 мың тонна бидай азығын коммерциялық негізде (БҰҰ-ның Дүниежүзілік азық-түлік бағдарламасы шеңберінде), 2003 жылы 57,6 мың АҚШ доллары сомасында 192 тонна гуманитарлық жүк (азык-түлік тауарлары) жөнелтілді.
Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі гуманитарлық көмек түрінде Қазакстан Республикасы Қарулы Күштерінің заттық мүлкін табыстады.
Таяу Шығыс елдері. Қазақстанның Таяу Шығыс елдерімен қатынастарды дамытуы Қазақстан сыртқы саясатының тендестірілуін қолдауға, Қазақстан дипломатиясының Азия, Таяу Шығыс, мұсылман елдері, Африка т. б. сияқты толып жатқан стратегиялық бағыттарын күшейтуге жәрдемдеседі. Өңірде болып жатқан үрдістерде ірі жөне ықпалды өңірлік күштер болып табылатын мемлекеттер ерекше орын алады, Сауд Арабиясы, Египет және Израиль осындай мемлекеттер деп есептеледі.
Қазақстанның Сауд Арабиясы Корольдігімен (САК) ынтымақтастығын дамытудың қарышты сипаты таяудағы келешекте оның стратегиялық әріптес деңгейіне шығуына мүмкіндік береді. Сондай-ақ қол қойылған келісімдерге негізделген өзара іс-қимылдардың ынтымақтастық сатысына өткені, ал тұрақты байланыстардың — өзара іс-қимылды тікелей жүзеге асыратын ведомстволар мен ұйымдардың құзыреті саласына өтуі Қазақстан мен Сауд Арабиясы қатынастарындағы принципті жаңа сәт болып табылады.
Екі ел арасынд

Страницы: <<  <  83 | 84 | 85 | 86 | 87  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: