ндағы аса маңызды оқиғаға айналды, ол өзара ынтымақтастықтың барлық қырлары бойынша өзара іс-қимылдың сипатын айқындап берді. Екі елдің сыртқы саяси шаралары арасында төрт рет саяси кеңестер беру өткізілді.
Қазақстан бидайын Мысыр нарығына жеткізу екі жақ пысықтап отырған ірі сауда-экономикалық жобалардың бірі болып табылады. Сонымен бірге фармацевтика, озық технологиялар, халық тұтынатын тауарларды өзара жеткізу салаларындағы ынтымақтастық, банк саласындағы өзара іс-қимыл т. б. келешегі зор жобалар санатына жатады. 2001 жылғы қарашада Қазақстан мәдениетінің Мысырдағы күндері өткізілді. ТМД елдерімен ынтымақтастық қорының желісі бойынша ЕАМ СІМ жанында Қазақстанның дипломатия, туризм, журналистика, ауыл шаруашылығы, банк ісі, құқық қорғау және сот органдары саласындағы 1000-нан астам маманы тәлімдемеден өтті.
ЕАМ үкіметінің Қазакстан халқына тартуы ретінде Алматы қаласында салынған «Нұр—Мүбәрак» Ислам мәдени университеті білім беру саласындағы ерекше жоба болып табылады, ол Қазақстан студенттерінің шетелге шықпай-ақ білікті теологиялық білім алуына мүмкіндік береді. Екі жақты қатынастарда Қазақстан мен Египет өңірлері арасындағы байланыстарды жолға қоюға елеулі мән беріліп отыр, мұның өзі екі ел арасындағы сауда-экономикалық ынтымақтастықты жандандыруға жәрдемдеседі. Астана қаласы мен Каир қаласы, Алматы мен Александрия қалалары, Жамбыл облысы мен ЕАМ-ның Шығыс провинциялары арасында бауырластық байланыстар орнатылды.
Қазақстанның Біріккен Араб Әмірлігімен, Катармен, Оманмен, Кувейтпен, Бахрейнмен ынтымақтастығы ойдағыдай даму үстінде. Тараптардың әріптестік байланыстарды ұлғайтуға деген өзара ұмтылысы байқалуда.
Қазақстан Республикасының Президенті Н. Ә. Назарбаевтың Әбу-Дабиге 1998, 2000, 2004 және 2005 жылдардағы ресми сапарлары, сондай-ақ Әбу-Даб
Страницы: << < 85 | 86 | 87 | 88 | 89 > >>