Тәуелсіздік тұғырым

Страницы: <<  <  76 | 77 | 78 | 79 | 80  >  >>

ық даму үрдісі жедел қарқынмен жүріп жатыр. Осы тұрғыдан алғанда Қазақстанның алдында экономикалық байланыстарды кеңейтудің жаңа мүмкіндіктері мен келешегі, соның ішінде Қазақстан өнімі жаңа нарықтарды қалыптастыру, көп жақты және өңірлік жобаларды іске асырудағы кооперацияны тереңдету, Қазақстан Республикасында түрлі экономикалық жобаларды жүзеге асыруға көмек алу мүмкіндіктері ашылып отыр.
Қытайдың, Орта Шығыс және Парсы шығанағы мемлекеттерінің транзиттік-көліктік әлеуетін тиімді пайдалану маңызды мәселе болып табылады, ол Қазақстаннан Азияға және Еуропаға теміржол және теңіз тасымалын қоса алғанда көлік дәлізін дамытуға мүмкіндік береді.
Қытай — Қазақстанның басты әріптестерінің бірі. ҚХР мен стратегиялық әріптестік пен жан-жақты іс-қимылды дамыту сөз жоқ Қазақстан Республикасының сыртқы саясатының басым бағыты болып табылады. Екі ел арасында ынтымақтастықты дамыту, әсіресе жоғары деңгейдегі саяси байланыстарды дамыту, сауда-экономикалық қатынастарды нығайту одан әрі жалғасып келеді.
Екі жақты ынтымақтастықтың айтарлықтай шарттық-құқықтық базасы жасалды, ол үкіметаралық және ведомствоаралык, 100 шарт пен келісімді қамтиды.
Қазақстан Республикасының Президенті Н. Ә. Назарбаев Қытайда 2002 жылғы желтоқсанда және 2004 жылғы мамырда мемлекеттік сапармен болды, сондай-ақ 2004 жылғы қыркүйекте ҚХР-дың Шыңжан-Ұйғыр автономиялы районына (ШҰАР) жұмыс бабындағы сапармен барды. Аталмыш сапарлардың барысында жан-жакты ынтымақтастықты одан әрі тереңдету туралы маңызды уағдаластыққа қол жеткізілді, атап айтқанда, Қазақстан мен Қытай арасындағы тату көршілестік, достық және ынтымақтастық туралы шартқа қол қойылды.
ҚХР төрағасы Ху Цзиньтао да Қазақстанға 2003 жылғы маусымда және 2005 жылғы шілдеде мемлекеттік сапармен келді. Олардың қорытындылары бойынша ын

Страницы: <<  <  76 | 77 | 78 | 79 | 80  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: