Тәуелсіздік тұғырым

Страницы: <<  <  78 | 79 | 80 | 81 | 82  >  >>

дік мәселелеріндегі ұстанымдары сәйкес келеді. Жапонияда Астананың ықпалдастық бастамаларына оң қарайды, Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңеске (АӨСШК) бақылаушы ретінде катысады.
Жапониямен экономикалық ынтымақтастык негізінен дамуға ресми көмек (ДРК) бағдарламасы желісі бойынша жүзеге асырылып отыр. Жапонияның Қазақстандағы ДРК-нің көлемі барлық жылдарда 9 миллионға жуық АҚШ долларын құрады, соның ішінде ұзақ мерзімді несие бойынша көмек те бар. Жапония Халықаралық ынтымақтастық банкі арқылы (ЖХЫБ) Қазақстанға мына жобаларды іске асыруға несие бөлінді:
теміржол көлігінің қуатын дамыту;
Ертіс өзені арқылы көпір салу;
Астана қаласының халықаралық әуежайын қайта құру;
Батыс Қазақстанда жол желісін қайта кұру;
Астана қаласын сумен жабдықтауды және канализациялауды жақсарту;
Атырау мұнай өңдеу зауытын қайта құру.
Жапония БҰҰ БА-ның Семей өңірі жөніндегі қарарының тең авторы болды және Токиода 1999 жылғы қыркүйекте бұрынғы Семей ядролық полигоны проблемалары бойынша халықаралық конференция өткізудің бастамашысына айналды. 2000 жылғы көктемде Жапония үкіметі өңірге медициналық жабдық жеткізуге 6 миллион АҚШ долларын тегін бөлу туралы шешім қабылдады. 1998 жылғы наурыздан бастап Қазақстан аумағындағы ядролық сынақтардың зардаптарын зерделеу жөнінде бірлескен жұмыстар жүргізілуде.
Жапонияға алғашқы ресми сапары кезінде Қазақстан Республикасының Президенті Н. Ә. Назарбаев Жапонияның премьер-министрі М. Хосокавеге Қазақстан аумағында қайтыс болған жапон әскери тұтқындары тізімдері жазылған «Боздақтар» кітабын табыс етті.
Корея Республикасымен екі жақты ынтымақтастық экономикалық құрамдастықпен, атап айтқанда, инвестициясымен бірлескен кәсіпорындар құрумен, кәсіпорындарды басқаруға берумен, озық технологиял

Страницы: <<  <  78 | 79 | 80 | 81 | 82  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: