танның маңызды рөл атқарып отырғанын мойындайды» деп мәлімдеді.
Қазақстан-Канада екі жақты қатынастары 1995 жылы қол қойылған Қазақстан Республикасы мен Канада арасындағы өзара қатынастар принципі туралы декларацияға негізделді. Қазақстанның халықаралық аренадағы және өңірдегі мүдделері Канадамен өзара тиімді ынтымақтастық негізінде жүзеге асырылды. Бұл орайда осы елдің көп жақты институттарда, халықаралық және өңірлік қауіпсіздік жүйелерін нығайтуда, халықаралық экономикаға қатысушылардың жаһандық ережелерін белгілеуде неғұрлым белсенді рөл атқаруға ұмтылып отырғаны ескерілді. Ядролық қарусыздану үрдісіне және халықаралық қауіпсіздікті нығайтуға сүбелі үлес косып отырған мемлекет ретіндегі Қазақстанның саясаты Канаданың түсіністігі мен қолдауын тауып отыр.
1992 жылғы 10 шілдеде Алматы қаласында «Қазақстан Республикасы мен Канада арасындағы экономикалық ынтымақтастық декларациясына» қол қойылды. Ол қол қойылған сәттен бастап күшіне енді және екі мемлекеттің экономикалық саладағы өзара тиімді ынтымақтастығының негізін қалады. Қазақстан Республикасының Президенті Н. Ә. Назарбаевтың Канадаға 2003 жылғы сапары шеңберінде «Энергетика және өнеркөсіп жөніндегі Канада және Еуразия одағы» қауымдастығымен бірге «Қазақстан — Орталық Азияның інжу-маржаны» атты халықаралық инвестициялық конференция ұйымдастырылды, ол Қазақстан нарығының өскелең мүмкіндіктеріне және Канаданың өнеркәсіптік компанияларымен сауда және іскерлік ынтымақтастығын дамытуға арналды. Конференцияның жұмысына 200-ден астам канадалық компания қатысты. Ауқымды конференцияның өткізілуі екі ел арасындағы сауда-экономикалық ынтымақтастықты одан әрі кеңейтуге жаңа серпін берді және екі жақты қатынастардың серпініне игі ықпалын тигізді.
Қазақстан экономикасына салынған инвестицияның көлемі бойынша Канада
Страницы: << < 74 | 75 | 76 | 77 | 78 > >>