аса ірі инвесторлардың алғашқы ондығына кіреді. Канада инвестицияның жалпы көлемі 1993 — 2005 жылдары 1,5 миллиардқа жуық АҚШ долларын құрады36.
Қазақстан Республикасы мен Куба арасында 1992 жылғы 24 наурызда ноталар алмасу және кейіннен Латын Америкасы мемлекеттері арасынан Қазақстандағы бірден-бір елшілік - Куба Республикасы елшілігінің ашылуы Қазақстан Республикасы мен Латын Америкасы мемлекеттері арасындағы дипломатиялық қатынастарды орнатудың бастауына айналды.
Қазақстанның Латын Америкасы өңірі елдерімен белсенді өзара іс-қимылы халықаралық ұйымдар, атап айтқанда, БҰҰ жүйесі шеңберінде жүзеге асырылуда.
Латын Америкасы өңірінің елдері Қазақстанмен қатынастарды, ең алдымен сауда-экономикалық қатынастарды жандандыруға объективті түрде мүдделі. Алайда өзара нарықтардың шалғайда жатқандығы және жекеменшік компаниялар арасындағы тікелей сауда байланыстарының жоқтығы жағдайында қазіргі кезеңде Қазакстанның өңір елдерімен сауда-экономикалық ынтымақтастығы айтарлықгай дами қойған жоқ.
Латын Америкасы елдерімен екі жақты қатынастардың сапалы жаңа деңгейге шыққанын атап көрсетуге болады.
Қазақстан дипломатиясының азиялық векторы Қазақстанның Азиядағы сыртқы саяси қызметі геосаяси аспектіні ескергенде де, экономикалық өзара іс-қимыл тұрғысынан да халықаралық аренадағы саясаттың негізгі бағыттарының бірі болып табылады.
Азия елдерімен өзара қатынастардың саяси аспектісі көп ретте Қазақстанның ұлттық кауіпсіздігін қамтамасыз ету мүдделерімен айқындалады. Осы тұрғыдан алғанда республикаға халықаралық лаңкестік ұйымдардың қызметінен, есірткі заттарынан, құпия көші-қоннан, діни экстремизмнен туындаған келеңсіз ыкпалдың еніп кету қаупі сақталып отыр.
Оңтүстік-Шығыс және Оңтүстік Азия елдері. Оңтүстік-Шығыс және Оңтүстік Азия елдерінде экономикал
Страницы: << < 75 | 76 | 77 | 78 | 79 > >>