Тәуелсіздік тұғырым

Страницы: <<  <  77 | 78 | 79 | 80 | 81  >  >>

тымақтастықтың 2003—2008 жылдарға арналған бағдарламасы және Қазақстан Республикасы мен ҚХР арасындағы стратегиялық әріптестікті орнатып, дамыту туралы бірлескен декларация қабылданды.
2005 жылғы 15 желтоқсанда Қазақстан-Қытай құбыр желісінің бір бөлігі болып табылатын Атасу-Алашанькоу мұнай құбыры учаскесінің кұрылысы аяқталды70.
Байланыс және электр-энергетика салаларындағы ынтымақтастықты ілгері бастыру жұмысы жүргізілуде.
1995 жылы Пекинде Абайдың 150 жылдығына арналған салтанатты іс-шаралар өткізілді және қазақтың ұлы ақынының қытай тіліндегі өлеңдер жинағы жарық көрді. 1998 жылы Алматы қаласында екі мемлекет басшыларының қатысуымен белгілі қытай композиторы Сянь Синхай өткен ғасырдың 40-жылдары тұрған үйге ескерткіш тақта орнату салтанаты өтті.
Екі елдің жоғары оқу орындары арасында тікелей байланыстар жолға қойылды. Үкіметаралық келісім негізінде жыл сайын студенттер алмасып тұрады. Олардың арасында Президенттің «Болашақ» стипендиясының жеңімпаздары және Қытай ұлттық мұнай-газ корпорациясының гранты бойынша оқушылар бар.
2002 жылғы қазанда және 2005 жылғы қыркүйекте қазақ диаспорасының өкілдікті делегациясы Түркістан және Астана қалаларында өткен Қазақтардың 2 және 3-дүниежүзілік құрылтайына қатысты.
Қазақстан Республикасының Президенті Н. Ә. Назарбаев ШҰАР-ға 2004 жылғы қыркүйекте жұмыс бабындағы сапары барысында Қытайда тұратын қазақтардың қатарынан көрнекті мемлекет және қоғам қайраткерлерін қабылдады.
Жапониямен жан-жақты ынтымақтастықты дамыту Қазақстанның сыртқы саясатында маңызды орын алады.
Қазақстан Республикасының Президенті Н. Ә. Назарбаевтың 1994 жылғы сәуірдегі және 1999 жылғы желтоқсандағы Жапонияға сапарлары екі жақты қатынастарға негіз қалаған іргелі сапарлар болып табылады.
Екі елдің ұлтаралық қауіпсіз

Страницы: <<  <  77 | 78 | 79 | 80 | 81  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: