шеңберінде тығыз өзара іс-қимыл жасауда. АҚШ-тың қоршаған ортаны қорғау жөніндегі әріптестігі жағдайында Халықаралық ғылыми-техникалық орталықтың (ХҒТО) жобасы шеңберінде Степногорск қаласындағы талдамалық зертхана Экологиялык мониторинг жөніндегі ұлттық орталық болып қайта құрылды. АҚШ қалдықтарды пайдаланудан БН-350 ядролық реакторын Ақтау қаласына қауіпсіз әкету және ұзақ мерзімге көму жөніндегі жұмыстарда үлкен көмек көрсетуде. Тараптар оқ-дәрінің тасымалдануын бақылауды, халықаралық бақылау тізімдерін қабылдауды, сондай-ақ таратылмауы тұрғысынан ерекше аландаушылық туғызып отырған объектілерден әкетуді ішкі күшейтілген бақылауды қоса алғанда экспорттық бақылаудың жаңа стандарттарын одан әрі әзірлеу және енгізу максатында өзара іс-қимылдар жүргізуде.
АҚШ Қазақстан Республикасының аса маңызды сауда әріптестерінің бірі болып табылады. Қазақстан экономикасына Американ инвестициясының көлемі 3 миллиард АҚПІ долларын, яғни тікелей шетелдік инвестицияның жалпы көлемінің 33-ын құрайды және Орталық Азия өңіріндегі аса ірі көлем болып табылады.
Ғылыми-техникалық және экологиялық өзара іс-қимыл саласындағы Қазақстан-американ ынтымақтастығы кеңейтілуде. Қазақстан мен АҚШ Қазақстанның болашақта экономикалық өсуінің тежелуіне жол бермеу және климаттың өзгеруіне қарсы әрекет жасау жөніндегі жаһандық шараларды көтермелеу мақсатымен Қазақстан үшін зиянды қалдықтар төгудің лимитін әзірлеу саласында өзара іс-қимыл жасауда. АҚШ Климаттың өзгеруі мәселелері жөніндегі үйлестіру орталығын құруға және оның жұмыс істеуі үшін техникалық көмек берді, Қарағанды шахталарындағы метанды кәдеге жарату жөніндегі жобаны іске асыруға жәрдемдесті.
Президент Дж. Буштың «АҚШ Орталық Азиядағы бірнеше — қауіпсіздік, сауда, қоршаған орта және әлеуметтік салада көшбастаушы ретіндегі Қазақс
Страницы: << < 73 | 74 | 75 | 76 | 77 > >>