Тәуелсіздік тұғырым

Страницы: <<  <  72 | 73 | 74 | 75 | 76  >  >>

бірқатар инфрақұрылымдық нысандарды акцияландыруға қатысу жолымен дамыту Қазақстан үшін келешегі зор мүмкіндік болып табылады.
Қазақстан дипломатиясының американдық векторы. Қазақстанның сыртқы саясатында Америка Құрама Штаттарымен өзара іс-қимылды дамытуға ерекше орын беріледі. Мұның өзі ең алдымен оның әлемдік саясаттағы рөліне байланысты. АҚШ өз кезегінде Қазақстанмен әріптестік қатынастарды дамытуға, Қазақстан Республикасының «Өңірдегі тұрақтылық пен тәуелсіздіктің тірегі» ретіндегі ұстанымын нығайтуға мүдделі болып отыр.
Екі мемлекеттің президенттері 1994 жылы қол қойған Демократиялық әріптестік туралы хартия және Қазақстан-американ қатынастары туралы бірлескен мәлімдеме (1997 жыл) екі жақты ынтымақтастықтың аса маңызды құжаттары болып табылады. Екі жақ түрлі қызмет салалары бойынша бірлесіп қызмет жасау жөнінен барлығы 94 келісімге қол қойды44.
Қазақстанның ядролық қарусыздану саласындағы халықаралық міндеттемелеріне сәйкес ядролық оқтұмсықтарды әкету жөнінде бірлескен іс-шаралар жүргізілді, СС-18 континентаралық баллистикалық зымырандардың шахталық-ұшыру қондырғылары жойылды, жоғары дәрежеде байытылған 600 кг уранды әкету жөніндегі «Сапфир» операциясы жүзеге асырылды. Тараптар сондай-ақ ядролық сынақтардың инфрақұрылымын жоюда да тығыз өзара іс-қимылдар жасады. Тындырылған жұмыстың нәтижесінде Семей ядролық полигоны қазіргі кезде сейсмикалық стансалардың жабдықтарын калибрлеу үшін пайдаланылуда. 2000 жылғы маусымда Мақаншы теміржол стансасында сейсмикалық станса ашылды, ол ядролық сынақтар мониторингінін жаһандық торабына қосылды.
Ядролық қаруды таратпау және оған сарапшылық бақылау бойынша белсенді ынтымақтастық екі жақты қатынастардың маңызды саласы болып қала береді. Қазақстан мен Құрама Штаттар қатерді бірлесіп қысқарту (ҚБҚ) бағдарламасы

Страницы: <<  <  72 | 73 | 74 | 75 | 76  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: