іл өнеркәсіп, халық тұтынатын тауарлар, өндіру салаларында дамып отыр.
Италия Қазақстанның аса ірі сыртқы сауда әріптестерінің қатарына кіреді және Қазақстан Республикасына тікелей шетелдік инвестиция салу көлемі бойынша 4-орынды (АҚШ-тан, Нидерландыдан және Ұлыбританиядан кейінгі) алады.
Ел экономикасының қарыштап дамуын қамтамасыз ететін Испания үкіметінің сәтті экономикалық саясаты Еуропада кеңінен танымал және оны ерекше «испан экономикалық үлгісі» ретінде көптеген елдер бағалап жүр, бұл практикалық қызығушылық туғызады.
Қазақстан-испан сауда-экономикалық әріптестігінің серпіні бірқатар өзара тиімді жобалардың, ең алдымен мұнай, көлік және коммуникация, қала инфрақұрылымы саласындағы жобалардың болуымен сипатталады. Испан несие желісі шеңберінде Астана қаласы үшін бірнеше жобаларды пысықтау жұмыстары жүргізілді. Екі жақты сауда-экономикалық ынтымақтастықтың әлеуетін тиімді іске асыру Қазақстан Республикасының Испаниямен өзара қатынастарының маңызды элементін құрайды.
Қазақстан Республикасының Президенті Н. Ә. Назарбаевтың 2000 жылғы 30—31 қазанда Корольдікке барған сапары осы бағыттағы оң серпін болып табылады, оның барысында түрлі салалардағы (көлік, ауыл шаруашылығы, туризм және лаңкестікке, есірткі заттардың таралуына қарсы күрес) ынтымақтастықтың келешегі талқыланды. Қазақстан-Испан қатынастарының құқықтық базасын толықтырған және ұлғайтқан бірқатар құжатгарға қол қойылды.
Сапар шеңберінде экономика және өнеркәсіп саласындағы ынтымақтастық жөніндегі үкіметаралық комиссияның 2-отырысы және «Қазақстанның инвестициялық мүмкіндіктері» конференциясы өтті.
Қазақстан мен Түркия қатынастары барлық деңгейдегі жоғары қарқынды байланыстармен сипатталды. Түркия Қазақстанның Орталық Азиядағы көшбастаушылық рөлін таниды және республиканы өңірдегі
Страницы: << < 70 | 71 | 72 | 73 | 74 > >>