Тәуелсіздік тұғырым

Страницы: <<  <  71 | 72 | 73 | 74 | 75  >  >>

неғұрлым маңызды әріптес деп есептейді. Түркия Қазақстанның маңызды және ірі әріптестердің бірі болып табылады.
Қазақстанның Грекиямен ынтымақтастығының келешегі Қазақстан тауарларының Грек Республикасының теңіз порттары арқылы транзитінің мүмкіндіктеріне байланысты.
Италияның, Испанияның, Түркияның, Грекияның, Португалияның, Кипрдің және Мальтаның туристік инфрақұрылымды пайдаланудағы тәжірибесі осы саладағы орасан зор әлеуеті бар Қазақстан үшін сөзсіз ықылас туғызады.
Оңтүстік Еуропаның тиімді геосаяси орналасуы тек өңір елдерімен ғана емес, сонымен бірге Солтүстік Африканың онымен көршілес мемлекеттерімен де сауда-экономикалық әріптестікті дамыту үшін кең мүмкіндік ашады.
Балтық елдері. Реттелмеген проблемалардың жоқтығы, сондай-ақ халықаралық және жалпыеуропалық құрылымдар шеңберіндегі өзара іс-қимыл әлеуеті Қазақстан мен Балтық мемлекеттері (Литва, Латвия, Эстония) арасындағы ынтымақтастықты дамытудың факторлары болып табылады.
Қазақстанның Балтық елдерімен сауда-экономикалық ынтымақтастығын одан әрі жандандыру практикалық қызығушылық туғызып отыр.
Қазақстан-Балтық сауда-экономикалық әріптестігін дамытудың келешегі бірқатар өзара тиімді жобалардың болуымен сипатталады. Балтық елдерінде орын алып отырған, қазіргі заманғы теңіз порттары дамыған көлік инфрақұрылымы мен терминалының ерекше маңызы бар. Көлік дәліздерін, теңіз порттарын Еуропа нарығына Қазақстан тауарларын экспорттау үшін пайдалану саласындағы ынтымақтастықты кеңейтуге айтарлықтай көңіл бөлу тиімді болып табылады.
Жалпы алғанда, Қазақстан үшін Балтық жағалауындағы барлық үш әріптеспен жүктерді тасымалдауға байланысты өзара оңтайлы формаларды әзірлеу және екі бағыттағы транзит саласындағы (Шығыс — Батыс, Батыс — Шығыс) әріптестікті, соның ішінде Балтық мемлекеттеріндегі

Страницы: <<  <  71 | 72 | 73 | 74 | 75  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: