ған елдерінің ірі компанияларымен байланыстарын нығайту жөніндегі практикалық шараларға байланысты. Саяси және сауда-экономикалық әлеуетін ескергенде Италия, Испания, Түркия, Грекия өңірдің басты елдері болып табылады.
Қазақстанның Италиямен ынтымақтастығына елеулі маңыз беріледі. Екі елдің ұстанымдары халықаралық саясаттың аса маңызды мәселелері бойынша, соның ішінде Азия қауіпсіздігін қамтамасыз етудің өзекті мәселесі бойынша сәйкес келеді. Италия Қазақстан Республикасының Президенті Н. Назарбаевтың Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңесті шақыру жөніндегі бастамасын құптайды және трансатлантика әріптестігіне белсенді қатысушы бола отырып, Қазақстанның негізгі сыртқы саяси басым бағыттарына түсіністікпен қарап, қолдау көрсетеді.
Италия Қазақстан Республикасының еуропалық институттарымен жақындасуға жасаған қадамдарына оң ниетпен қарайды, Қазақстанның осы саладағы күш-жігеріне жәрдемдесуге әзір екенін білдіреді. Қазақстанның Еуропалық Кеңеспен және оның органы — құқықтық жолмен демократияландыру жөніндегі Венеция комиссиясымен байланыстарын дамыту Қазақстан Республикасының демократиялық тандауының айғағы ретінде қабылданады. Қазақстан 1998 жылдан Комиссияның жанындағы тұрақты бақылаушы болып табылады.
Қазақстан Республикасының Президенті Н. Ә. Назарбаев Италияға 1993 жылы, 1998 жылы және 2003 жылы үш рет ресми сапармен барды, олардың барысында ол итальян басшыларымен кездесті. Бірқатар екі жақты кұжаттарға қол қойды46.
Экономикалық салада Қазақстан-итальян ынтымақтастығы неғұрлым белсенді түрде дамып келеді. Екі елдің сауда-экономикалық ынтымақтастығы іс жүзінде барлық салаларда: пайдалы қазбалар кеніштерін игеру, ауыл шаруашылығы, тамақ өнеркәсібі өнімін өңдеу, ауыл шаруашылығы машиналарын жасау, ауыр өнеркәсіп, энергетика, жең
Страницы: << < 69 | 70 | 71 | 72 | 73 > >>