хи, сауда-экономикалық және ғылыми-мәдени факторларға байланысты. Дамудың жақын деңгейлері, міндеттердің және өтпелі кезең проблемаларын шешу әдістерінің белгілі бір ұқсастығы рөл атқарады.
Қазақстан Республикасының ОШЕ (Орталық және Шығыс Еуропа) мемлекеттерімен саяси байланыстарының дамуы, жоғары деңгейдегі пікір алысуды қолдау Қазақстанның өңір елдеріндегі саяси беделінің одан әрі артуына септігін тигізіп отыр, олар Республиканы Орталық Азиядағы тұрақтылықтың кепілі ретінде қарайды. Осы тұрғыдан алғанда 2001 жылдан 2004 жылға дейінгі кезеңде Қазақстан Республикасының Президенті Н. Ә. Назарбаевтың Хорватияға, Словенияға, Польша және Венгрияға барған сапарлары, соңдай-ақ Болгария Президенті Г. Пырвановтың, Чехия президенті В. Клаустың және Румыния Президенті И. Илиескудің Қазақстанға сапарлары айтарлықтай рөл атқарды.
Бүгінгі таңда Батыс елдерінің қатарында маңызды стратегиялық әріптес ретінде қаралып отырған Польшаның географиялық, саяси, экономикалық жағдайын ескере отырып, Қазақстан-Польша қатынастарын жандандыру жөнінде қосымша қадамдар жасалды.
Орталық және Шығыс Еуропа өңірі елдерінің әлемдік экономикалық қоғамдастыққа ықпалдасуы Қазакстанның өңірлік және өңіраралық коммуникациялық жүйелерге шығуы жөніндегі күш-жігерінде және сол арқылы экономикалық тәуелсіздік пен қауіпсіздікті қамтамасыз етуде маңызды рөл атқарады.
Оңтүстік Еуропа елдері. Қазақстан Республикасының Оңтүстік Еуропа елдерімен ынтымақтастығын дамыту стратегиясында олардың Еуропа институттарына, ең алдымен ЕО-ға, БЕО-ға, НАТО-ға, ЕҚЫҰ-ға, Еуропа Кеңесіне толық құқықты мүше ретінде қатысуының зор маңызы бар. Қазақстанның сыртқы саясатының осы өңірге катысты «экономикаландырылуы» бағытын іске асыру Қазақстанның қаржылық-несиелік және донорлық институттармен, Оңтүстік Еуропаның дамы
Страницы: << < 68 | 69 | 70 | 71 | 72 > >>