ры болды, оның барысында ол Қазақстан мемлекетінің басшымен кездесті.
Бірлескен Қазақстан-Британ сауда-өнеркәсіптік кеңесінің (ҚБСӨК) белсенді қызметі сауда-экономикалық ынтымақтастықты ілгері жылжытудың тиімді тетігі болып табылады. Кеңестің 10-отырысы 2005 жылғы 2—3 қарашада Астана қаласында өтті. Отырыстың тақырыбында Қазақстанның отын-энергетикалық кешенін, көлік саласын, ауыл шаруашылығын дамыту мәселелері, инвестициялық, инновациялық ынтымақтастықты, шағын бизнес пен білім саласын дамыту мәселелері қамтылды66.
1993 жылдан 2005 жылға дейінгі кезеңде Ұлыбритания Қазақстан экономикасына тікелей салынған шетелдік инвестицияның көлемі бойынша үшінші орынға (АҚШ пен Нидерландыдан кейін) шықты, бұл 4,3 миллиард долларды, яғни оның жалпы көлемінің 10,6-ын құрайды.
Бенилюкс және Солтүстік Еуропа елдері. Бенилюкс елдерімен (Бельгия, Нидерланды, Люксембург) және Солтүстік Еуропа елдерімен ынтымақтастықтың маңызы зор, бұл елдер толып жатқан бірегей мамандандырылған сипаттамалары бойынша алдыңғы қатардағы шепке шыққан және жоғары өнімді механикаландырылған ауыл шаруашылығы бар елдер болып табылады.
Қазақстан Республикасының экономикасына шетелдік инвестицияның көлемі бойынша 2-орын (АҚШ-тан кейін) алатын Нидерланды Қазақстанның басты сыртқы саяси әріптестерінің бірі болып табылады.
Голланд компаниялары Қазақстан экономикасының түрлі салаларында жұмыс істейді, ол мұнай-газ, көлік және аграрлық салаларды қамтиды. Қазақстанда 122 бірлескен кәсіпорын тіркелді, олардың көп бөлігі ауыл шаруашылық өнімін өңдеу және өндіру, жаңа технологиялар енгізу, халық тұтынатын тауарлар өндіру және қызметтер көрсету саласында жұмыс жасайды.
Соңғы жылдары Қазақстанның сыртқы саясатының Солтүстік еуропалық бағыты елеулі түрде жандандырылды. Қазақстан Республикасының Пр
Страницы: << < 66 | 67 | 68 | 69 | 70 > >>