публикасының өңірлік держава ретінде қалыптасуын қолдау, соның ішінде БҰҰ мен ЕҚЫҰ-дағы ынтымақтастық арқылы қолдау, Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңес үрдісіне және өңірлік ынтымақтастық жөніндегі Қазақстанның бастамаларына жәрдем көрсету ниетін ұстанып отыр. Басқа ядролық мемлекеттер қатарында Франция Қазақстанға қауіпсіздік кепілдігін берді. Қазақстан Республикасы Президентінің Парижге 2000 жылғы маусымдағы сапары барысында екі жақты өзара іс-қимыл мәселелерінің кең ауқымды кешені, соның ішінде аграрлық-өнеркәсіптік кешен, өндеуші өнеркәсіп, жаңа технологиялар жасау, инфрақұрылым, көлік, экология саласындағы жобаларды іске асыру, сондай-ақ француз мұнай-газ компаниялары тарабынан Қазақстанның көмірсутектерін экспорттауының баламалы бағыттарын әзірлеуге жәрдемдесу мәселелері талқыланды.
2004 жылғы 10 наурызда Париж қаласында болған экономикалық ынтымақтастық жөніндегі Қазақстан-Француз үкіметаралық комиссиясының
6-отырысы екі жақты экономикалық ынтымақтастықтың жаңа келешегін айқындауға мүмкіндік берді. Атап айтқанда, жаңа технологиялар, биотехнологиялар, ауыл шаруашылығы өнімін өндеу және теміржол көлігі саласындағы өзара іс-қимылдар мүмкіндігі талқыланды.
Ұлыбританиямен ынтымақтастықта оның әлемдегі бүкіл саяси және экономикалық ықпалын ескеру қажет.
Ұлыбритания халықаралық саясатта белсенді рөл атқаруын жалғастыра беретіні белгілі. Қазақстанның Еуропадағы аса ірі сауда және инвестициялық әріптесі ретіндегі Ұлыбританияның ерекше орны екі жақты қатынастардағы саяси проблемалардың жоқтығына, геосаяси, геостратегиялық және экономикалық факторларға, ең алдымен мұнайға, газға және құбыр желісіне байланысты факторлардан туындап отыр.
2004 жылғы 5 ақпанда Ұлыбританияның сыртқы істер министрі Дж. Строның біркүндік ресми сапа
Страницы: << < 65 | 66 | 67 | 68 | 69 > >>