Тәуелсіздік тұғырым

Страницы: <<  <  64 | 65 | 66 | 67 | 68  >  >>

нференцияның президенттері болып тұрған кезіндегі кездесу барысында белгілеңді және талқыланды.
Швейцарияның вице-президенті, экономика саласының федералдық кеңесшісі Паскаль Кушпеннің 2002 жылғы 1—6 мамырдағы Қазақстанға алғашқы ресми сапары, оның Астана қаласында Қазақстан Республикасының Президенті Н. Ә. Назарбаевпен, Премьер-Министр И. Тасмағамбетовпен, Мемлекеттік хатшы — Сыртқы істер министрі Қ. Тоқаевпен т. б. кездесулері екі жақты қатынастардағы айтулы оқиға болды48.
2003 жылғы 20—21 қаңтарда Қазақстан Республикасының Президенті Швейцарияға ресми сапармен барды, оның қорытындылары бойынша үкіметаралық екі кұжатқа қол қойылды, олар: Жолаушылар мен жүктерді халықаралық тасымалдау туралы келісім және «Орталық Азия елдерінің көп жақты сауда жүйесіне ыкпалдасуы» өңірлік жобасы жөніндегі келісімі. Цюрихтегі сапар шеңберінде «Қазақстанда бизнесті жүргізу кезінде Швейцария компаниялары үшін іскерлік мүмкіндіктер» атты инвестициялық конференция өтті.
Қазақстанда Швейцария капиталының қатысуымен Швейцария фирмалары мен бірлескен кәсіпорындарының 40-қа жуық өкілдіктері жұмыс істейді. Екі жақты экономикалық байланыстарды дамыту мақсатында сауда-экономикалық ынтымақтастық жөніндегі Қазақстан— Швейцария комиссиясы әрекет етеді.
Франциямен өзара қатынастарда Қазақстан оның Еуроодақты реформалаудағы, жалпы сыртқы саясатты және қауіпсіздік саласындағы саясатты, сондай-ақ оның ЕО-ны Ресеймен және Түркиямен жақындастыру жөніндегі ұстанымын әзірлеу туралы бастаманы ілгері жылжытудағы белсенді рөліне негіздейді. Француз сарапшылары Орталық Азия мен Кавказ сыртындағы тұрақтылық пен қауіпсіздікті сақтау үшін Қазақстанның саяси-стратегиялық мәнін қуаттайды. Франция Қазақстанға Орталық Азия мемлекеттерімен қатынастарды дамытуда басым мән беріп отыр және Қазақстан Рес

Страницы: <<  <  64 | 65 | 66 | 67 | 68  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: