езиденті Н. Ә. Назарбаевтың Дания корольдігіне (2000 жылғы қазан), Норвегия корольдігіне (2001 жылғы сәуір) және Швеция корольдігіне (2004 жылғы қазан) ресми сапары, сондай-ақ Норвегия премьер-министрі К. Бондевиктің (2004 жылғы мамыр) және Швеция премьер-министрінің бірінші орынбасары Б. Рингхолмның (2006 жылғы ақпан) Қазақстанға ресми сапарлары болды.
Қазіргі кезде Қазақстанның Солтүстік Еуропа елдерімен ынтымақтастығы мынадай басым бағыттар бойынша дамып келеді, олар: энергетика, транзитгік көлік кешені, экология, өңірлік және халықаралық қауіпсіздік.
Солтүстік Еуропа елдерінің өнеркәсіптің түрлі салаларындағы үлкен жетістіктері машина жасау (соның ішінде мұнай-газ машиналарын жасау), кеме жасау, химия, целлюлоза-қағаз және металлургия өнеркәсібі, солтүстікке лайықталған құрылыс, жаңа технологиялар, ауыл шаруашылығы, балық аулау және өңдеу сияқты салалардағы өзара тиімді ынтымақтастықты жолға қою үшін негіз жасайды.
Қазақстан өзінің Солтүстік Еуропа елдерін Оңтүстік, Шығыс және Оңтүстік-Шығыс Азиямен байланыстыратын көлік және коммуникациялық күретамыр ретіндегі «көпір-мемлекет» (Трансазия Дәлізі, Солтүстік-Оңтүстік транзиттік дәлізі) жағдайын тиімді пайдалана алады. Республиканың мұнай-газ жобаларына Норвегияның «Статойл» компаниясы және Данияның аса ірі «А. П. Меллер-груп» концерні қатысуда.
Қазақстанның мүдделері көп ретте Солтүстік Еуропа елдерінің халықаралық аренадағы өңірлік (тұрғыдан да ЕО, НАТО, ЕҚЫҮ, Балтық ынтымактастығы), жаһандық түрғыдан да (Халықаралық дамуға көмек, бітімгершілік, адам құқықтары жөне коршаған ортаны қорғау) жүргізіп отырған белсенді саясатымен үндеседі69.
Орталық және Шығыс Еуропа елдері. ОШЕ елдеріне қатысты белсенді де пәрменді саясат, сондай-ақ өзара тиімді ынтымақтастың әлеуетті мүмкіндіктері геосаяси, тари
Страницы: << < 67 | 68 | 69 | 70 | 71 > >>