я Республикасымен ынтымақтасып келеді. Қазақстан мен Австрия арасындағы қатынастар мемлекеттер басшыларының және сыртқы саяси ведомстволар жетекшілерінің кездесулері барысында орныққан сындарлы пікір алысуымен сипатталады.
1991 жылғы қазанда Вена қаласында Қазақстан Республикасының Президенті Н. Ә. Назарбаевтың АР федералдық канцлері Ф. Враницкиймен кездесуі өтті. 1993 жылғы 2—3 ақпанда Қазақстан Президенті Австрияға екінші рет ресми сапармен барды, оның барысында федералдық президент Т. Клестилмен және федералдық канцлер Ф. Враницкиймен кездесу болды. Келіссөзде екі жақты экономикалық ынтымақтастық мәселелеріне баса көңіл аударылды.
1993 жылғы сәуірде федералдық канцлер Ф. Враницкий Қазақстанға жауап сапармен келді, оның барысыңда әуе қатынасы туралы үкіметаралық келісімге және Қарағанды металлургия комбинатын қайта құруға инвестиция салу туралы меморандумға қол қойылды.
Қазақстан Республикасының Президенті Н. Ә. Назарбаевтың 2004 жылғы 9—10 қыркүйекте Австрияға жасалған кезекті сапары екі ел арасындағы қатынастарды дамытуға қосымша серпін берді. Сапар шеңберінде тараптар Қосарлы салық салудан құтылу туралы конвенцияға, экономикалық, ауыл шаруашылық, экологиялық, өнеркәсіптік, техникалық және технологиялық ынтымақтастық туралы келісімге қол койды. 2004 жылғы 19 ақпанда ЕҚЫҰ Парламенттік ассамблеясының қысқы сессиясы шеңберінде Қазақстан—Австрия үкіметаралық келіссөзі өткізілді, оның корытындысы бойынша тараптар екі жақты ынтымақтастықтың келешегі мол бағыттарын межеледі. Қазақстан мен Швейцария арасындағы қатынастар екі жақты ынтымақтастықтың негізгі тәсілдерімен, басым бағыттарымен және келешегімен сипатталады, осы бағыттағы мәселелер Қазақстан Республикасының Президенті Н. Ә. Назарбаевтың П. Деламюрмен және Ф. Коттимен олардың 1996 және 1998 жылдары Ко
Страницы: << < 63 | 64 | 65 | 66 | 67 > >>