Тәуелсіздік тұғырым

Страницы: <<  <  62 | 63 | 64 | 65 | 66  >  >>

құбыр желілерін тартудың коммерциялық мақсатта айқындалуға тиіс екендігінде болып отыр.
Батыс Еуропа елдері. Батыс Еуропа елдері арасында Қазақстан Германия Федеративтік Республикасымен ынтымақтастыққа зор маңыз беріп отыр. Барлық Батыс Еуропа мемлекеттерінің ішінде нақ осы Германия ТМД аумағында және Орталық Азияда болып жатқан оқиғаларға көбірек назар аударады. Германия Қазақстанның және бүкіл Орталық Азия өңірінің тұрақты дамуына шынайы түрде мүдделі, Қазақстанды тек өңірде ғана емес, сонымен бірге бүкіл посткеңестік кеңістіктегі тұрақтылық факторы ретінде қарайды.
Қазақстан Республикасы мен Германия арасында тұрақты саяси пікір алысу қолдау тауып отыр, мұны Германия канцлері Г. Шредердің 2003 жылғы 4—5 желтоқсанда және Бундестагтың вице-төрағасы Антье Фольмердің 2004 жылғы қазанда Қазақстанға келген ресми сапарлары қуаттайды. 2004 жылғы 17—20 сәуірде Қазақстан Республикасының Президенті Н. Ә. Назарбаев Германияға жұмыс бабындағы сапармен барды, оның барысында федералдық канцлермен, Германияның саяси және іскер топтарының көрнекті өкілдерімен келіссөз жүргізілді. Германия – Қазақстан Республикасының негізгі сауда әріптестерінің бірі. Қазақстанда герман капиталының қатысуымен 400-ге жуық кәсіпорын тіркелді, олардың ішінде 160-қа жуық кәсіпорынның өкілдіктері бар. ГФР-дың дәстүрлі аса маңызды экспорттық баптары — түрлі машиналар, электр тауарлары, автомобильдер, дәрі-дәрмектер. Қазақстаннан Германияға мұнай, металл, химиялық шикізат апарылады. Іскер және саяси делегациялардың өзара сапарлары тұрақты түрде жүруде, Германияның түрлі қалаларында Қазақстанның экономика күндері өткізіліп тұрады. 1998 жылдан бастап жыл сайын Алматы қаласында Германия экономикасының күндері өткізіледі14.
Өз тәуелсіздігінің алғашқы күндерінен бастап Қазақстан Республикасы Австри

Страницы: <<  <  62 | 63 | 64 | 65 | 66  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: