Тәуелсіздік тұғырым

Страницы: <<  <  61 | 62 | 63 | 64 | 65  >  >>

ңірдегі және жалпы әлемдегі тұрақтылық пен қауіпсіздікті сақтаудағы белсенді рөлін көтермелеуді көздейді.
Еуропалық Одақпен ынтымақтастықтың Қазақстан үшін бірінші дәрежелі мәні бар, оның Еуразия кеңістігіндегі аса ірі саяси-экономикалық бірлестік ретіндегі рөлі жаһандану үрдісі тұрғысынан ұдайы арта түсуде.
Еуропалық ғарыш агенттінің кәсіпорындарымен ғарышты зерделеудегі және игерудегі, соның ішінде «Байқоңыр» ғарыш айлағынан Еуропа спутниктерін ұшыру және осы саладағы бірлескен ғылыми бағдарламаларға қатысу түріндегі әріптестік байланыстарды дамыту Еуропалық Одақпен өзара тиімді ынтымақтастықтың жаңа бағытына айнала алады16.
Қазақстан жалпы ТМД кеңістігіндегі және ішінара Орталық Азия өңіріндегі ықпалдастық үрдістерін нығайтып, дамыту үшін ЕО шеңберіндегі ықпалдастықтың оң тәжірибесін алуға мүдделі. Бұл орайда ТМД-ға және ЕурАзЭҚ-ға қатысушы мемлекеттермен ынтымақтастықтың дамуына байланысты ЕО-мен сауда-экономикалық, қаржылық, гуманитарлық және басқа қатынастарды үйлестіру кажет.
Өз тарабынан Қазақстан Еуроодақтың бірқатар өзекті мәселелерін шешуге жәрдем көрсете алады (ЕО-ны уағдаластық негізде отын және шикізат ресурстарымен ұзақ мерзімді және тұрақты жабдықтау, тараптардың ғылыми әлеуетін біріктіру және ЕО нарығында Қазақстанның іргелі зерттеулер саласындағы жетістіктерін коммерцияландыру т. б. ). Өңірдің басты мемлекеттерімен — Германиямен, Франциямен, Ұлыбританиямен, сондай-ақ Бенилюкс және Солтүстік Еуропа елдерімен өзара қатынастарды дамытудың Қазақстан үшін маңызы ерекше.
Каспий өнірі Еуропа елдерінің сыртқы саясатының, соның ішінде олардың энергетикалық ресурстар көздерін әртараптандыруға ұмтылуына байланысты барған сайын өзекті мәселесіне айналуда. Батыс Еуропаның Каспий мұнайын тасымалдау бағыттары туралы мәселе жөніндегі ұстанымы

Страницы: <<  <  61 | 62 | 63 | 64 | 65  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: