езидент Н. Ә. Назарбаевтың 2009-2011 жылдардағы жолдауларына сәйкес бюджет саласы қызметкерлерінің еңбекақылары, әлеуметтік және зейнетақы төлемдері өсті. Осылайша, әлеуметтік қамсыздандыру жүйесі дағдарыстың әлеуметтік-экономикалық салдарларымен күрестің маңызды құралы және экономикалық құлдырау кезеңіндегі тұрақтандыру тетігі ретінде пайдаланылды34.
Бүгінде, әлемдегі барлық халықтың материалдық әл-ауқатына, әсіресе, экономикалық өсіміне қауіп төндіретін жаһандық қаржылық дағдарыс кезіндегі адамзаттың тұрақты дамуындағы әлеуметтік қамсыздандырудың рөліне ешкім де күмән келтіре алмайды.
2 Тәуелсіздіктің жиырма жылы: бейбітшілік, даму және келісім
2. 1 Қазақстан Республикасының көпвекторлы саясаты
Қазақстан дипломатиясының еуропалық векторы: екі бағытты спектр. Қазақстанның Еуропа елдерімен қатынастарын дамытудың келешегі әлемдік экономикалық және саяси орталықтардың бірі болып табылатын осы өңірдің топтасуымен, сондай-ақ Еуропалық Одаққа мүше елдердің экономикалық және саяси ықпалдасуының жоғары дәрежесіне байланысты.
Қазақстан Республикасының еуропалық бағыттағы сыртқы саясаты ЕО үшін Орталық Азия өңірі оның географиялық-стратегиялық жағдайына, шикізаттық әлеуетіне, ең алдымен ОПЕК (Мұнайды сыртқы шығарушы елдер ұйымы) елдерінің минералдық шикізатының баламалы көздері бола алатын энергетикалық әлеуетін пайдалануға орай елеулі ықылас туғызып отыр. Осыған байланысты Батыс Еуропа елдері демократиялық институттарды, нарықтық қайта өзгерістерді дамыту, жанжалды әлеуетті азайту арқылы өңір елдерінің тұрақты да қарқынды дамуына; Орталық Азияда экономикалық және саяси қатысуды күшейтуге мүдделі. Екі жақты ынтымақтастықты сапалық жаңа деңгейге шығару жөніндегі әрекеттер түрлі деңгейлерде қолданылуда, ол өңірлік кооперацияны, Орталық Азия мемлекеттерінін ө
Страницы: << < 60 | 61 | 62 | 63 | 64 > >>