Тәуелсіздік тұғырым

Страницы: <<  <  59 | 60 | 61 | 62 | 63  >  >>

ында иеленеді. 2017 жылы Қазақстан әлемдегі ірі мұнай және газ өндірушілер мен экспортқа шығарушыларының ондығына кірмек.
Сонымен бірге, Қазақстанда тау-кен саласы, түсті және қара металлургия, машина жасау, құрылыс индустриясы, шағын және орта бизнес және басқа да көптеген салалар серпінді дамуда.
Қазақстан Дүниежүзілік Сауда Ұйымына кіруге әзірлік үстінде және іс жүзінде заңнамалық базаны ДСҰ-ның талаптарына сәйкестендірді.
Қазақстан өз экономикасының өтпелі кезеңін табысты аяқтап, жаңа сапалы қадам - әлемдегі бәсекеге барынша қабілетті 50 елдің қатарына кіруге ниет білдіріп отыр.
Табысты жүргізілген қайта құрулар Қазақстан Республикасының Президенті, Ұлт көшбасшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың айқындап берген Қазақстанды дамытудың стратегиялық курсын нақты түрде іске асырды. Бүгінгі күні мемлекеттің әлеуметтік бағдарланған саясатына сәйкес, еліміз шикізаттық бағыттан арылып, халықтың әл-ауқатын арттыруға бағытталған, Қазақстан Республикасының 2020 жылға дейінгі дамуының стратегиялық жоспарын жүзеге асыруда.
Еліміздегі мемлекеттік саясаттың басты басымдықтары адам капиталын дамыту, халықтың өмір сүру деңгейі мен сапасын арттыру болып табылады. Осы мақсатта жүзеге асырылып отырған әлеуметтік бағдарламалар ең алдымен жұмыс орнын сақтауға, табыс деңгейін арттыруға, халықтың аса әлсіз бөлігін әлеуметтік қорғауға бағытталған.
Қазақстандық қоғамның өмір сүру сапасының артуы тәуелсіздік жылдарындағы еліміздің жеткен жетістіктері болып табылады. Статистика агенттігінің ақпаратына сәйкес табысы төменгі күнкөріс деңгейі мен азық-түлік себеті құнынан төмен тұрғындар үлесінің төмендеу динамикасы байқалуда.
Кейінгі жылдары әлемнің көптеген елдерінде әлеуметтік шығындар қысқаруда, ал Қазақстанда керісінше, әлеуметтік шығындар үнемі ұлғайтылып келеді. Пр

Страницы: <<  <  59 | 60 | 61 | 62 | 63  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: