Тәуелсіздік тұғырым

Страницы: <<  <  58 | 59 | 60 | 61 | 62  >  >>


Қорыта айтқанда Қазақстан Республикасының тәуелсіздік жылдарында орнықты экономикалық өсуі қамтамасыз етіліп, соның негізінде жеке бастамашылық пен кәсіпкерлік қанат жайып, сыртқы сауда мен инвестиция тартылымы белсенділікке ие болды.
Қазақстан экономикасы қарқынды өсіп келеді. Өткен онжылдықта елдің ІЖӨ 7 есеге жуық артты (17 млрд. АҚШ долларынан 115 млрд. долларға дейін).
Бүкіләлемдік банктің саралауы бойынша Қазақстан орта деңгейлі табысы бар елдердің тобына кіреді. 2009 жылы жан басына шаққандағы ІЖӨ 7 мың АҚШ долларынан асып түсті52.
Бүкіләлемдік банктің бағалауы бойынша Қазақстан әлемдегі инвестиция үшін аса тартымды жиырма мемлекеттің қатарында. Қазақстан экономикасына тартылған тікелей шетелдік инвестициялар көлемі 118 миллиард АҚШ долларына жетті. Өз кезегінде қазақстандық бизнес те шет елдерге белсенді инвестиция салуда (14,5 млрд. АҚШ доллары).
Ұлттық қор қаржысын қоса есептегенде, елдің халықаралық активтері 57 миллиард АҚШ долларынан асады.
Соңғы он жылда сыртқы сауда айналымы 8 есеге артты және 2009 жылы 70 миллиард АҚШ долларына жетті.
Қазақстанның жетекші компаниялары («ҚазМұнайГаз», «Қазақмыс», «Қазатомпром» және басқалар) халықаралық бизнес жүргізу деңгейіне қол жеткізді және ғаламдық экономика әлемінде таныла бастады.
Қазақстан – бұл әлемдік сарапшылар үздіктердің бірі деп таныған қаржы және банк жүйесі қалыптасқан ел. Елімізде «Қазкоммерцбанк», АТФ банкі, Халық банкі сияқты жоғары халықаралық рейтингке ие ірі банктер жұмыс істейді.
Республикада бизнесті дамыту үшін барынша жайлы жағдай жасалған.
Қазақстан – жаһандық энергетикалық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге зор үлес қосып отырған мемлекет. Қазақстан әлемде мұнай қоры бойынша – 7-ші орынды, газ қоры бойынша – 6-ші орынды, уран қоры бойынша – 2-ші ор

Страницы: <<  <  58 | 59 | 60 | 61 | 62  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: