жекелеген топтар мен әулеттердің жымқыруы мен баюының әр түрлі формаларына бағытталған болатын.
Мынадай негізгі айқындамаларды шешу кезінде бірыңғай бір деңгейлі көзқарастардың, тәсілдердің, құралдардың жиынтығы әлеуметтік экономиканың ерекшелігі екенін ескеру қажет, олар:
мемлекеттік бюджетті әзірлеу;
мақсатты ғылыми-техникалық бағдарламаларды әзірлеу;
ақша-несие саясатының параметрлерін айқындау;
макроэкономикалык көрсеткіштерді болжаудын және экономика секторларын дамытудың үлгілері мен сценарийлік нұсқаларын әзірлеу.
Табыс төмен және айырма көп жерлерде — шағын және орта бизнеске әлеуметтік жеңілдіктер беру немесе, мысалы, мемлекеттік жолмен құрылатын кәсіпорындардың т. б. дамуын күшейту керек.
Әлеуметтік саралану — бұл көптеген елдерге тән өзекті мәселе. Оны Америка да, Еуропа да, Жапония да шеше алмайды. «Мәселен, 1950 жылдан 1992 жылға дейінгі кезеңде әлемдік табыс 4 триллион АҚШ долларынан 23 триллион АҚШ долларына дейін өсті, ал халықтың жан басына шаққанда үш еседен астамға көбейді. Алайда дамушы елдерде тұратын әлемдік халық өсімінің төрттен үшіне әлемдік табыстың тек 16-ы ғана тиесілі, ал нағыз байлардың 20-ына әлемдік табыстың 85-ы тиесілі болды». Әлбетте, қоғамның барлық топтарында табысты бірдей ету — мүмкін емес. Әйтсе де дамыған елдердің үкіметтері инфляциялық үрдістерді қадағалаудан гөрі кедейлер мен байлардың табысы арасындағы алшақтыққа ден қоюды және оны қысқартуды, бұл үрдістерді мемлекеттік тетіктермен реттеуді басты мәселе деп есептейді. Бұл тетіктер әр елде әр түрлі. Біздің елде ол мүлде әзірленген жоқ, ал әлеуметтік экономика үлгісінің ғылыми теориясын жасамайынша, ол әзірленбейді, мұндай жағдайда қателіктер болуы мүмкін қателіктерден әлдеқайда көп болмақ. Өмір шындығы осыған көз жеткізіп отыр9.
Қорытынды
Страницы: << < 57 | 58 | 59 | 60 | 61 > >>