қорланым бар. Оны, тікелей шетелдік инвестиция сияқты, экономиканы технологиялық жаңғыртуға бағыттау қажет. Құрылымдық және технологиялық салаларда артта қалушылық нарықтық реформалардың қажеттерімен қарама-қайшылыққа түседі. Тек базалық салалардың ғана емес, сонымен бірге оның төркіндес сабақтас салалардың да бәсекелесуге қабілеттілігін көтере алатын өнеркәсіптің жаңа салалары, техникалық анклавтар, ғылыми кластерлер пайда болуға тиіс. Қазақстанда сатыластық тұрғыдан да, деңгейлестік тұрғыдан да ықпалдаспаған компанияларды отандық индустрияны технологиялық жаңғыртудың негіздері ретінде қалыптастыру үшін мүмкіндік бар);
Экономиканы нарықтық ұйымдастыру аясында индустриялық және постиндустриялық технологияларды игеру, бизнес пен биліктің әлеуметтік жауапкершілігі менеджмент үшін шешуші маңызға ие болады. Яғни елде қалыптасқан жағдайда әлеуметтік факторлар мен зияткерлік ресурс (адами ресурс), оның үстіне мемлекеттік деңгейде ел кұрылысының негізі боларлық үлгісі дәрежесіне көтерілген осы көрсеткіштер оның экономикалық және әлеуметтік-саяси кеңістігінде қарышты, орнықты дамудың ынталандырғышы бола алады. Өзге формалардың бәрі посткеңестік республикалар үшін, оның ішінде Қазақстан үшін де қолайсыз болды және шаруашылық қатынастарда кері кетуге әрі коғамның күшті тұрақсыздануына жәрдемдесті. Демек, іске қосылған нарықтық тетікті әлеуметтік қайта бағдарлау — адамды дамытуға күш салуды алға тартты. Шын мәнінде, бұл — өркениеттің дамуында жаңа белеске — жаңа қоғамдық құрылысты құруға бағытталу.
Әлбетте, Қазақстанның көш бастаушысының алдында — жаңа үлгідегі ел құрылысында әлеуметтік бағытталуды күшейту жолындағы кедергілерді жою, яғни қалыптасып үлгірген шаруашылық тетікті қайта құруды жүргізу міндеті тұрды. Бұл тетік 90-жылдардың аяғында және 2000 жылдардың басында
Страницы: << < 56 | 57 | 58 | 59 | 60 > >>