Тәуелсіздік тұғырым

Страницы: <<  <  55 | 56 | 57 | 58 | 59  >  >>

br/>Халықтың әлеуметтік топтары арасында табысты бөлісуде айтарлықтай теңсіздік сақталды. Ақшалай табыстың мөлшері бойынша отбасылары шаруашылығын топтастырғанда 60-дан астамының табысы айына 3000 теңгеден кем екенін көрсетті. Ең бай азаматтардың 10-ының ақшалай табысының деңгейі мен ең кедей азаматтардың 10-ының ақшалай табысы деңгейіндегі алшақтық 11 есеге (Дж коэффициенті) жетті.
Халықтың ақша жұмсауы (шығысы) тым бей-берекет күйін сақтады, мұның өзі табыстың төмен деңгейіне байланысты туындады. Барлық шығыстың 86-ын күнкөріс шығысы құрайды, оның 50-ы азық-түлік тауарларына жұмсалады. Коммуналдық қызметтер көрсетуге және тұрғын үйді ұстауға төлемақы тұтыну шығысында тұрақты түрде жоғары үлес алады (25-35).
2000 жылы Еуропалық Одақ Қазақстанды нарықтық экономикалы ел деп таныды. Шынында да, республиканың жеке меншік секторында 100 мыңнан астам кәсіпорын жұмыс істеді, мұның өзі олардың жалпы санының 80-ын құрады. Олар Қазақстанда шығарылатын бүкіл өнімнің 83-ын өндірді, жеке меншік секторында жұмыс істейтін халықтың 3/4-інен астамы жұмыспен қамтылды. 1999—2000 жылдары және 2001 жылдың бірінші тоқсанында ел дамудың азды-көпті тұрақты өрісіне шықты. ЖІӨ-нің, алтын-валюта сақтық қорының көлемі үлғайды, төлем теңгерімінің оң айырмасына кол жеткізілді, мемлекеттік бюджет кірісі өсті, отандық тауар өндірушілерді қолдау саясатында нәтижелер көрініс тапты.
Мемлекеттің реттеушілік рөлі аясында ел экономкасының алдында мынадай міндеттер тұр:
Ішкі сұранысты кеңейту. (Ішкі нарықтың бізде тым тар екені мәлім. Ол көптеген өндірістердің дамуын ынталандырмайды. Халықтың төлем қабілеті бар сұранысын күшейте, экономиканың монетарлану дәрежесін арттыра отырып, ішкі нарық сыйымдылығы өсуінің оң серпініне қол жеткізу қажет);
Инвестицияның өсуі. (Қазір елде қомақты

Страницы: <<  <  55 | 56 | 57 | 58 | 59  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: