кәсіподақтардың ерекше мәртебесін нығайтатын нормалардың көрсетілуі жаңа заңның айрықша баптары болып табылады. Сондай-ақ нарық жағдайында жұмыс істемейтін нормалар, еңбек өтілін қуаттайтын құжаттар ретіндегі еңбек кітапшалары болуының міндеттілігі заңнан алынып тасталды.
Қазақстанда 2000 жылы жалғасқан экономикалық өсу халықтың нақты табысының өсуімен қабат жүрді, ол 1999 жылғы деңгеймен салыстырғанда 6,4-ға артты. Атаулы ақшалай табыстың едәуір дәрежеде өсуі бағалау бойынша 20,5-ға көбейді. Атаулы жалақының 19,7-ға өсуі (ол табыстың құрылымында 71 -ды құрайды) ақшалай табыстың айтарлықтай дәрежеде өсуіне ықпал етті, тағайындалған зейнетақының орташа мөлшері 3,5-ға, жәрдемақының орташа мөлшері 5,8-ға көтерілді. Халықтың әл-ауқатының өсуі жекебастың тұтынуына жұмсалатын шығынды арттырды және халықтың екінші деңгейдегі банктердегі жинақ ақшасын көбейтті, ол бір жылда шартты көрсеткіш бойынша — 66-ға және нақты көрсеткіш бойынша — 45-ға көбейді, сөйтіп 2001 жылдың 1 желтоқсанында 1 миллиард АҚШ долларына жетті.
Халықтың нақты ақшалай табысының оң серпіні күнкөріс минимумының өсуімен салыстырғанда өсу сипатын сақтады, 2000 жылғы қарашада жан басына шаққандағы ақшалай табыс күнкөріс минимумынан 6,2-ға артты. Экономиканың нақты секторында жекелеген салалар бойынша өндіріс пен жалақының өсуінің арақатынасы әр түрлі болды. Өнеркәсіпте өндірістің нақты өсуі 114,6-ды құрады, шартты жалақының өсуі - 122,7, нақты жалақының өсуі — 108,1 болды, яғни тұтас алғандағы арақатынастың оң екенін, жұмыс күшін жұмсалатын шығын бойынша бәсекелесу қабілеті сақталып отырғанын аңғартты. Ауыл шаруашылығында өнім өндіру 1999 жылғы деңгейдің 96,7-ын құрады, шартты жалақының өсуі - 115,8-ды, нақты жалақының өсуі - 102,0-ды, яғни арақатынастың теріс екенін көрсетті.
Ақшалай табыстың
Страницы: << < 53 | 54 | 55 | 56 | 57 > >>