Тәуелсіздік тұғырым

Страницы: <<  <  54 | 55 | 56 | 57 | 58  >  >>

құрылымында елеулі өзгеріс байқалмады. 2000 жылы ақшалай табыстың негізгі көзі бұрынғысынша жалақы болып қалды (71), әлеуметтік трансферттер 12-ды құрады, сатудан түскен табыс — 11, қалған көздер — 6. 1999 жылғы халық санағының нәтижелері бойынша жұмыс істейтін халыққа үлкен масылдық жүктеме сақталып келеді. Тұрғын халықтың 47,7-ы өздерінің жекелеген тұлғалардың асырауы арқасында күнелтетінін, халықтың 20,3-ы негізінен күнкөрістің негізгі көзі әлеуметтік трансферттер екенін көрсетті.
Өңірлер бөлігінде, сондай-ақ қалалар мен ауылдық жерлерде халықтың жан басына шаққандағы ақшалай табыста елеулі үйлесімсіздік (2—3 есе) сақталды. Жалақы деңгейінде қалыптасқан елеулі салалық үйлесімсіздіктер өзгеріссіз күйінде қалды. 2000 жылы кен өндіруші салаларда, қаржылық кызметте, қызметтер көрсетудің жекелеген салаларында жалақы тұрақты түрде жоғары қарқынмен өсті. Жалақының өсуі барлық салаларда көрініс тапты, бірақ оның қарқынындағы әркелкілік салалар арасындағы алшақтықты ұлғайта түсті. Бюджеттік салалар мен ауыл шаруашылығында жалақы республика бойынша орта көрсеткіштің 30—60-ынан жоғары көтерілмеді. Қаржы секторындағы ең жоғары жалақы мен ауыл шаруашылығындағы ең төмен жалақының арасындағы алшақтық 8—10 есені құрады. 2000 жылдың 1 қаңтарынан бастап Қазақстан Республикасының «Күнкөріс минимумы туралы» Заңы қолданысқа енгізілді, ол әлеуметтік көмек көрсетудің жаңа жүйесін енгізу үшін заңнамалық негіз болды. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі тоқсан сайын күнкөріс минимумынан пайызы түрінде белгілеп отыратын кедейлік шегі атаулы әлеуметтік көмек көрсетудің критерийі болып табылды. Шындығында, ол әкімшілік жолмен айқындалды және мемлекеттің экономикалық мүмкіндіктеріне тәуелді етілді. Төменгі кедейлік деңгейі 2000 жылы тұрғын халықтың 36— 38-ы шегінде сақталды30. <

Страницы: <<  <  54 | 55 | 56 | 57 | 58  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: