Тәуелсіздік тұғырым

Страницы: <<  <  52 | 53 | 54 | 55 | 56  >  >>

төмеңдеді. 1990 жылмен салыстырғанда 1994 жылы нақты орташа айлық жалақы 53,9-ға, ең төменгі жалақы 87,6-ға, орташа зейнетақы 36,6-ға қысқарды.
1993 жылы индекстеу арқылы зейнетақы мөлшерінің құлдырауын тежеу шаралары жүзеге асырылды. Алайда 1994 жылы мемлекеттік бюджеттің мүмкіндіктері өте шектеулі болды. Елдің бюджет жүйесі іс жүзінде өзгеріссіз қалды және жаңа талапқа сай келмеді. Мемлекеттік бюджетті бұрынғыдан көбірек бөлуге тырысқан әрекет бюджеттің тапшылығын ұлғайтты, мұның өзі инфляцияны одан әрі өсіріп, халықтың нақты табысын төмендетті.
Жоғары білім беру жүйесіндегі коммерцияландыру жоғары оқу орындарының білім алу бағасын кымбаттатты және білім беру мен мамандар даярлаудың сапасын төмендетті. 1999 жылғы Білім беру туралы жаңа Заң мектеп жасына дейінгі білім алудың мемлекеттік кепілдіктерін бермеді, сондай-ақ табысы төмен деңгейдегі халық үшін бастауыш кәсіптік және жоғары білім алуға кепілдік беретін тетіктерді қамтамасыз етпеді.
Кедейлік проблемасын шешу экономикалық өсудің тұрақтылығына келіп саяды. Алайда экономикалық өсу халықтың әлеуметтік осал жіктерінің, жұмыссыздар, қарттар, көп балалы отбасылар, жастар бөлігінің барлық проблемаларын шешу деңгейіне көтеріле алмай жатты26.
Жаңа формалар, әдістер, көзқарастар керек болды, өйткені Батыста қолданылатын әлеуметтік бағдарланушылық немесе әлеуметтік инжиниринг принципі Қазақстан үшін жағымсыз принцип болып шықты. Ол қоғамның аз ғана тобының баюына және қалыптасуына «жұмыс істеді». Ал олар — халықтың 10-ынан да кем еді. «Қазақстан Республикасындағы Еңбек туралы» жаңа Заң (01. 01. 2000 жыл) жедел түрде іске қосылды, ол кеңес заманында қолданыста болған Еңбек туралы заңдар Кодексін (ЕтЗК) ауыстырды. Қызметкерлер мен жұмыс берушілер арасында жеке шарт жасасудың міндеттілігі туралы талаптар,

Страницы: <<  <  52 | 53 | 54 | 55 | 56  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: