ткішінің теріс қалдығы (сальдосы) 116,7 мың адамды құрады (1999 жылмен салыстырғанда 2,2-ға төмендеді).
Ата қонысынан кеткен қазақтардың (оралмандардың) тарихи отанына көшіп келуі көбейді. 1998 жылы үлестеме 26-ға артты, 1999 жылы 500 отбасыға берілген үлестеме жағдайында 2663 отбасы көшіп келді, 2000 жылы да үлестеме артты. Оралмандар, әдетте – біліктілігі жоқ жұмыс күші, оны жұмысқа орналастыру қиынға соқты. Басқа бір шешілуі қиын міндет - заңсыз еңбек көші-қоны, арзан жұмыс күшінің ағылып келуі, мұның өзі енбек нарығындағы жағдайды ушықтырады. Саяси жағдайы тұрақты республика көші-қонды жеткілікті бақылаудың және қоныс аудару тетігінін жоқтығы заңсыз көші-қонға жол ашып береді31.
Өз бетінше өрістеген ішкі көші-қон, әсіресе жастардың ішкі көші-қоны қалаларда әлеуметтік жағдайды шиеленістіріп, ушықтырады, жастар жұмыссыздығының өсуіне, балалар сырқатының көбеюіне, қылмыстық жағдайдың нашарлауына себепші болады. Қалаға шоғырланудың экономикалық және әлеуметтік жағдайлардан туындауы табиғи қиындық тудырады, өз бетінше ағылып көшіп келушілер қаланың инфрақұрылымына жүктемені көбейтеді және, демек, халықтың тұрмыс деңгейін төмендетеді. Көші-қон мәселесі нысаналы, кешенді және тиімді мемлекеттік демографиялық (соның ішінде миграциялық) саясат пен тиісті құрылымдық және өңірлік бағдарламаларды әзірлеп, іске асыру қажеттігін туғызады.
1992-1994 жылдары өнім өндіру, жұмыс жасау және кызмет көрсету көлемінің күрт қысқаруы, әлбетте, әлеуметтік саланың жай-күйін сипаттайтын көрсеткіштердің деңгейіне тиісінше ықпал етті.
Өршіген инфляция халықтың жинаған қорын құнсыз етті. Бағаны ырықтандыру тауар-ақша қатынастарын теңдестіріп, жандандыруға мүмкіндік бергенімен, халық табысының өсуімен салыстырғанда баға өсуінің еселене озуын туғызды. Халықтың нақты табысы күрт
Страницы: << < 51 | 52 | 53 | 54 | 55 > >>