Тәуелсіздік тұғырым

Страницы: <<  <  49 | 50 | 51 | 52 | 53  >  >>

налымға жедел тарту және экспорттық энергетикалық ресурстарды орнықтыру, жаңғырту және техникалық жағынан қайта жарақтандыру есебінен тапшылықты жою - бұл іс-шаралар елдің энергетикалық қауіпсіздігін қамтамасыз ете алды; мұнай өндіру және өңдеу салаларында мұнай өндірудің ілгерішіл әдістерін енгізу, мұнай қайтарымын көбейту, көлік жолдарын салу стратегиялық бағытқа айналды; қара металлургияда — металдың шығындылығын төмендету және экспорттык әлеуетті еселей түсу; түсті металлургияны дамыту тиімділігі жоғары қазіргі заманғы сала құрумен байланысты жүзеге асырылды; көлік-коммуникациялық салада - көрсетілетін халықаралық қызметтердің базасын ұлғайтумен байланысты болды; ауыл шаруашылығы бәсекеге жарамды астық өнімін біраз арттыруға және шикізатты ұқсатуға бағдарланды. Әлеуметтік сала көп инвестиция жұмсауды талап етті, сондай-ақ адам капиталына ел дамуының болашағын қамтамасыз ететін каржы салымын қажет етті. Бұл міндеттер Қазақстан Президентінің халыққа жолдауында айқындалды, олар алғашқыда қиял сияқты болып көрінді. Бірақ Қазақстанның 2004-2005 жылдардағы әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындылары мемлекет басшысының болжамын қуаттады. Нақты ЖІӨ-нің өсуі 2003 жылдың осындай кезеңімен салыстырғанда 9,4-ды құрады.
Бала туудың жиынтық коэффициентінің шамасы 1990—2000 жылдардағы кезеңде 1,48 есе қысқарды және 2000 жылы коэффициент 1000 адамға шаққанда 14,9 болды. Негізінен ауылдық жерлерде тұратын әйелдерде бала туудың жоғары жиілігі әлі де сақталып қалды. Құрсақ көтеруге әйелдер санының үлес салмағы соңғы уақытта (1996— 2000 жылдары) іс жүзінде бір деңгейде қалып отыр, алайда бала туу саны 10 -дан астамға азайды28.
Өлім-жітім әлеуметтік-экономикалық дамудың деңгейіне, материалдық әл-ауқат пен медициналық қызмет көрсетуге бұрынғыдан да гөрі тікелей байланысты.

Страницы: <<  <  49 | 50 | 51 | 52 | 53  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: