Тәуелсіздік тұғырым

Страницы: <<  <  50 | 51 | 52 | 53 | 54  >  >>

Өлім-жітім коэффициенті 1990 жылдан бастап 29-ға өсті, бірақ 1995 жылдан кейбір ауытқулармен бірте-бірте төмендеді (бұл коэффициенттің шарықтау шегі - 10,7 промилле) және 2000 жылдың аяғында 10,2-ды құрады, мұның өзі тиісінше халықтың табиғи өсіп-өнуін қамтамасыз етпеді. 2000 жылы халықтың табиғи өсіп-өнуі 64,3 мың адамды құрады (мұның өзі 1990 жылғы өсімнің 27,5 -ын және 1995 жылғы өсімнің 59,8-ын құрайды). Жыныстық тұрғыдан алғанда ерлердің өлімі 1,5 есе жоғары, мұның өзі өмірдің болжалды ұзақтығындағы елеулі айырмашылықтың негізгі себебі болып табылады. Өмірдің болжалды ұзақтығы 1991-1999 жылдары 2,6 жылға төмендеді, мұның өзі өмірдің жалпы ұзақтығы индексінің төмендеуіне әкеп соқты, әсіресе 1995 жылы қиын жағдай байқалды (63,5 жыл, 1991 жылдағыдан 4,1-ға азайған).
Көші-қон. Экономикалық дамудың әркелкілігі халықтың өз бетінше миграциялық көшіп-қонуын туғызды. Соңғы 10 жылда көші-қон көрсеткішінің теріс қалдығы (сальдосы) халықтың табиғи өсіп-өнуін жалмап қана қойған жоқ, сонымен бірге одан 2 есе дерлік асып түсті. Қазақстанда көші-қонның етек алуы толастамады. Көптеген білікті кадрлар мен мамандардың көшіп кетуі экономиканың дамуын тежеген кедергілердің бірі деуге болады. Негізінен көшіп кетушілердің басым бөлігі Ресейге, Германияға, Украинаға, Израильге қоныс тепті. Керісінше Ресейден, Өзбекстаннан, Қырғызстаннан, Монғолиядан көшіп келу үрдісі де байқалды. Елдің кейбір өңірлеріне көші-қонның оң әсері тиіп, олардың дамуына септігін тигізді, алайда жұмыссыздық кезіндегі халықтың ағылуы көптеген аумақтардың, әсіресе азып-тозған, экологиялық жағынан қолайсыз аудандардың, ауылдардың, шағын қалалардың пайда болуын, көпшілігінің экономикасының күйреп, қаңырап, бос қалуын туғызды. 1996 жылдан бастап, ауытқымалы эмиграция бірте-бірте төмендеді. 2000 жылы көші-қон көрсе

Страницы: <<  <  50 | 51 | 52 | 53 | 54  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: