уашылығында реформалар жүргізілген кезден бастап ауыл шаруашылық өндірушілерінің құрылымында түбегейлі өзгерістер болды. Өнім өндіруде меншіктің мемлекеттік емес формасы басым болды және оның үлесі 1990 жылғы 32-дан 2000 жылы 99-ға дейін өсті.
Совхоздарды жекешелендіру және колхоздарды реформалау аяқталды, мұның өзі шаруашылық жүргізуші субъектілердің санын 15 еседен астамға көбейтті. Аграрлық құрамалар қайта тіркеуден өткізілді. 2000 жылдың аяғына қарай республикада нарыққа бағдарланған, жеке меншікке негізделген 75 мыңнан астам ауыл шаруашылық құрылымы, соның ішінде 70 мыңнан астам шаруа қожалығы және 1,6 мың өндірістік кооператив жұмыс істеді. Алайда 1990 жылмен салыстырғанда 2000 жылы ауыл шаруашылық өнімін өндіру көлемі екі есе дерлік қысқарды.
Ел нарықтық реформалардың оныншы жылында жүйелік ұзақ дағдарыстан еңсесін көтерді. Бірақ бұл жетістіктердің құны өлшеусіз жоғары болып шықты: ЖІӨ көлемі 80-жылдармен салыстырғанда 40-ға дерлік төмендеді, өнеркәсіптік өндіріс 50-ға құлдырады, химия өнеркәсібі мен жеңіл өнеркәсіп, машина жасау, құрылыс материалдары индустриясы іс жүзінде азып-тозды. Ғылым өзінің әлеуетінен айырылды. Әлеуметтік сала: медицина, білім, мәдениет өте қиын жағдайда қалды. Жұмыссыздық деңгейі өсті. Ең бай адамдардың 10-мен кедей адамдардың 10-ы арасындағы табыстың айырмашылығы ондаған еседен асып түсті, ол қабылданған әлемдік индекстен әлдеқайда көп еді. Экономиканы орнықты ұстау, қоғамдық-саяси үрдістерді тұрақтандыру, әлеуметтік саланы қайта өркендету тек мемлекеттік реттеу мен бақылауды жандандыру, пәрменді институттық қайта құру, сыбайлас жемқорлықты төмендету, сондай-ақ өзара байланыстырылған жоспарлы бағдарламаларды орындау арқылы ғана мүмкін болды. Энергетикада - қолданыстағы қуаттарды сауықтыру, меншікті энергетикалық ресурстарды ай
Страницы: << < 48 | 49 | 50 | 51 | 52 > >>