ді. Ал ХВҚ (Халықаралық валюта қоры) және Дүниежүзілік банк арқылы халықаралық қаржы органдарының нұсқамаларын ұстанғанымен, жаппай ымырашылдықтан, экономика мен қаржыны басқарудың монетарлық тетігінен, инфляциядан құтылмады. 1991—1996 жылдары елдің ЖІӨ-нің (жалпы ішкі өнімі) тең жарымы азайды, мұның өзі халықтың әлеуметтік жағдайын шектен тыс ушықтырды. Халықтың неғұрлым көп қамтамасыз етілген және оған керісінше қамтамасыз етілуден шет қалған жіктерінің арасындағы алшақтық 11—30 есе аралықта ауытқыды, мұның өзі әлемдік практикада кабылданған ең төменгі көрсеткіштен әлдеқайда асып түсті. Есепте тұрған жұмыссыздардың саны елдегі жұмыс орнына қажеттіліктен 25 есе асып кетті41.
Төлем төлемеу проблемасын, мысалы, берешекті өтеу үшін кәсіпорындарға эмиссиялық директивалық несие беру жолымен шешуге тырысқан әрекет, инфляция барысын тек қана ушықтыра түсті. Дәрменсіз кәсіпорындарды сауықтыру мен банкротқа жатқызу рәсімдері барлық жерде бірдей жүргізілмеді және оның өзі түгелдей орынды болып шықпады. Көбінесе олар кейіннен «құпия» тендерлерде мүлде төмендетілген «өзіндік» бағамен сатылды.
1997 жылы ЖІӨ көлемі өткен жылмен салыстырғанда 20-ға көбейді, жүк тасымалының көлемі — 3,4--ға, инвестиция — 20-ға, өнеркәсіп өнімін шығару — 4-ға артты. Алайда соңғы санның шындыққа сай келуі екіталай, өйткені жеке меншік сектордың шаруашылық қызметінің нәтижелерін ЖІӨ-ге есептеудің кабылданған әдісінің статистикалық түзіктігі күмән туғызады. Үй қожалықтарының үлес салмағы үш еседен астамға көбейді, сөйтіп, оның өскелең көлемін есептемегенде, республикалық өнеркәсіптік өндірістің көлемі алдыңғы 1995 жылғы көлемнің небәрі 91,2-ын құрады. Тұтастай алғанда кеңестік экономиканың негізінде ұлттық экономика қалыптаса бастаған 1991 жылмен салыстырғанда нақты ЖІӨ көлемі екі еседен астамға
Страницы: << < 39 | 40 | 41 | 42 | 43 > >>