қысқарды, халықтың басым көпшілігінің тұрмыс сапасы күрт нашарлады, қоғамдағы әлеуметтік шиеленіс күшейді. Кентау, Жаңатас т. б. сияқты тоқырауға ұшыраған қалалар деген ұғым пайда болды, сондай-ақ бұрынғы үлкен тұрғын аймақтары да — мысалы, Арал аймағы да соларға жатқызылды. 1998 жылға қарай елде 500-ден астам кәсіпорын толық тоқтап қалды, мыңға жуық кәсіпорын уақытша тоқтады, 300-ден астам кәсіпорын толымсыз жұмыс күні режиміне көшті. Республикада өндіріс пен тұтыну арасында теңгерімнің болмауынан, төлем төлемеушіліктің еселенуінен, өңдеуші өнеркәсіп салаларының өндірістік аппаратының жұмыспен жүктелуінің төмендігінен және жұмыспен қамтылғандар санының баламасыз деңгейдегі аздығы жағдайында еңбек өнімділігінің төмендігінен көрініс тапқан жүйелік дағдарыс сақталды. Адам факторы әлсіреді, бұрын беймәлім болған жік — дүбәралар (маргиналдар) қалыптаса бастады. Сонымен бірге ХВҚ айқындаған макроэкономикалық мақсаттарға ресімді түрде қол жеткізілгенін ерекше атап көрсету керек. Алайда әлеуметтік-экономикалық жағдай әсте жақсарған жоқ, ол едәуір нашарлады, экономикалық өсуге ынталандыру, шын мәнінде болған жоқ, инфляцияның орташа деңгейі ресми статистика жар салғанындай деңгейден (11) гөрі біраз жоғары (14) болып шықты. Көрсеткіштердің біраз жақсаруы мұнда ЖІӨ-нің есебін толықтырудың қолданылатын әдістемесінің ерекшеліктеріне де байланысты туындады, мұның өзі, өкінішке қарай, экономикалық жандану елесін туғызды және үкіметтің қызметін сүлесоқ етті.
Келесі екінші — «ақырындап жылжу» ретінде сипатталатын транзиттік кезеңде (1994-1998 жылдар), өкінішке қарай, дәйексіз және кешенді емес түрде жүзеге асырылған дербес макроэкономикалық саясат қалыптаса бастады.
Бұл кезеңде негізгі іс-қимылдар макроэкономикалық тұрақтандыруға, салық салу, бюджет саласындағы, банк аясындағ
Страницы: << < 40 | 41 | 42 | 43 | 44 > >>