Тәуелсіздік тұғырым

Страницы: <<  <  37 | 38 | 39 | 40 | 41  >  >>

. 1992—1993 жылдары күш-жігер көптеген жылдар бойына қордаланған және әсіресе 1990— 1991 жылдары еселене өскен артық ақша жиынын жоюға бағытталды. Нәтижесінде ақша тапшы ресурсқа айналды, ақша айналысы едәуір дәрежеде тұрақтанды, баспа-бас айырбас қысқарды, импортпен болса да тұтыну тауарлары нарығын толтырудың сәті түсті. Бұл уақытта баға ырықтандырылды (1992 жылдың қаңтары), ел Конституциясында баянды етілген жеке меншік зандастырылды (1993 жылдың қаңтары), жекешелендірудің Ұлттық бағдарламасы қабылданды (1993 жылдың сәуірі), ол өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы, көлік және кызметтер көрсету салаларында бірте-бірте жүзеге асырылды, рубль аймағынан шықты және отандық ұлттық валюта — теңге енгізілді (1993 жылдың қарашасы).
Бұл кезеңнің реформаларын сапалы деп атауға болмайды, олар жартысы кештігімен, әсіресе несие-ақша саласында жартылай шаралар болуымен ерекшеленеді, өйткені рубль аймағында болған Қазақстан бұл кезеңде Ресейдің әлеуметтік-экономикалық және саяси шешімдеріне түгелдей тәуелді болды. Көптеген мәселелерді кеңшілік жасау және уағдаластық жолымен шешуге тура келді.
Мұнда Н. Ә. Назарбаев шынайы біріктіруші-ықпалдастырушы ретінде Қазақстанның рубль аймағындағы мүшелігін дәйектілікпен және табандылықпен талап етті. Алайда 1993 жылы Ресейдің Орталық Банкі жаңа 50 рубльдік ақша белгісін енгізді, оны Қазақстанға бермеді, сөйтіп Ресей үкіметі біздің елді іс жүзінде бұл аймақтан «итеріп» шығарды. 1991 жылы бұрынғы КСРО-ның құрамында қалған соңғы республика Қазақстан 1993 жылы рубль аймағынан шыққаннан кейін де бұрынғы кеңес рублі пайдаланылған посткеңестік кеңістіктегі жалғыз ел болды. Осыған байланысты өздерінің ұлттық валюталарын бұрынырақ енгізген барлық бұрынғы одақтас республикалардан кеңестік ақша зор көлемде лап қойды. Алапат инфляция туындады, елден тауа

Страницы: <<  <  37 | 38 | 39 | 40 | 41  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: