ы, сыртқы экономикалық қызметтегі және кеден жүйесіндегі қатынастарды реттейтін баламалы заң шығарушылық базаны әзірлеуге бағытталды. Шетелдік капитал кеңінен тартылды, нарықтар мен нарықтық инфрақұрылымдарды дамыту үшін жағдай жасалды. Алдын ала қолданылған шаралардың нәтижесінде 1996 жылға қарай теңгенің валюталық бағамы тұрақталды, бюджет тапшылығы ұдайы төмендеді, экспортқа бағдарланған бірқатар өнеркәсіп салаларында өндіріс жанданды. Инфляцияға қарсы қатаң саясаттың нәтижесінде қаржының біршама тұрақтануына қол жеткізілді, тұтыну бағасының индексі 1994 жылғы 1258-ден 1996 жылы 128-ге дейін төмендеді43.
Реформалардың бұл кезеңінде жүйелік нарықтық қайта құрулар әміршіл-әкімшілдік экономиканы еңсерудің қайтымсыз сипатын алдын ала айқындап берді, шаруашылықты жүргізудің жаңа жүйесінің негіздерін дәйектілікпен орнықтырды. 1993—1996 жылдары нарықтық экономикаға тән маңызды үрдістер мен белгілер қарқынды түрде қалыптасты және өзін айқын танытты. Бұл жүйе құрайтын белгілер:
нарықтық реттеуіштерді енгізе отырып, мемлекеттің шаруашылық өмірге қатысуын және қамқор болуын қысқарта түсу арқылы экономиканы ырықтандыру; сыртқы экономикалық қызметті ырықтандыру және оның формаларын кеңейту, шетелдік инвестицияны кең ауқымда тарту, елдегі валюталық режимді тұрақтандыруға шаралар қолдану, өнімнің, жұмыстың және көрсетілетін қызметтердің жекелеген түрлерінің бағасын шектеп реттеу жағдайында еркін баға белгілеуді орнықтыру;
нарыққа бағдарланған шаруашылық құрылымдарды дамыту және экономикадағы жеке меншік секторлардың жұмыс істеуі үшін жағдай жасай отырып, көпукладты экономиканың негіздерін қалыптастыру; кәсіпкерлікті, шағын және орта бизнесті дамыту, нарықтық бәсекелестікті дамыту үшін базаны кеңейту;
елде халықаралық стандарттарға бағдарланған екі деңгейлі банк
Страницы: << < 41 | 42 | 43 | 44 | 45 > >>