Тәуелсіздік тұғырым

Страницы: <<  <  38 | 39 | 40 | 41 | 42  >  >>

р жиыны көптеп әкетіле бастады, экономикалық бей-берекетсіздік жайлаған ахуал орнады4.
Президент Н. Ә. Назарбаев жарты жылға жетпейтін уақыт ішінде жаңа ұлттық валютаны — теңгені басып шығарып, айналысқа енгізе білді, сөйтіп экономиканы қалпына келтіріп, апаттан құтылудың, елдің экономикалық егемендігін қорғап қалудың сәті түсті. Шын мәнінде мұның өзі Н. Назарбаев әзірлеген және өсудің ішкі кездеріне негізделген «Қазақстанның егеменді мемлекет ретінде қалыптасуы стратегиясынан» (1992 жыл) шегіну және меншікті қаражаттың жоқ болуы себепті шетелдік инвестицияны кең ауқымда тарту саясатына бет бұру дегенді білдірді. Мұндай кезең әлемдік экономикалық практикада трансакциялық немесе ымыралық кезең ретінде айқындалады.
Бағаны ырықтандыру, сыртқы сауданы ырықтандыру — оның ерекшеліктері болды. Инфляциялық үрдістертің күшеюі өнімдер айырбасының жаңғыруына, яғни баспа-бас айырбасқа әкеп соқтырды. Ішкі нарықта отын-энергетикалық және шикізат ресурстары бағасының еркін қалыптасуы тетігінің болмауы, олардың экспортын ынталандырды, бірақ мемлекеттік реттеу рөлінің төмендеуі салдарынан валюталық түсім қайтарылмады. Инвестициялық саясатта, әлеуметтік салада, жаңа басталған жекешелендіру үрдісінде, несие алуға айырбас ретінде халықаралық қаржы ұйымдарының қатаң кеңестерін ұстау қажет болды, бұл 1994-1995 жылдарға дейін жалғасты. Сауда, қоғамдық тамақтандыру, тұрмыстық қызмет көрсету нысандарын, өзге де қызмет көрсету салаларын жекешелендіру басталды, оған «шағын жекешелендіру» деген анықтама берілді. Бұл уақытта 15000-ға жуық кәсіпорын асығыс және парықсыз жекешелендірілді.
Сонымен бірге қоғамды белсенді түрде нарықтық өзгеріске бағыттау экономиканың елеулі түрде ушығуымен және қалжырауымен, халықтың әл-ауқатының күрт төмендеуімен және коғамның жікке бөлінуімен ілесе жүр

Страницы: <<  <  38 | 39 | 40 | 41 | 42  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: