ң орнауында және Республика заңдарының қалыптасуында белгілі бір тарихи рөл атқарды39.
Қоғамды түбегейлі қайта құрудың қажеттілігі жаңа Конституцияны әзірлеуді талап етті, ол 1995 жылғы 30 тамыздағы республикалық референдумда қабылданды. 1998 жылғы 8 қазанда Қазақстан Республикасы Президентінің бастамасы бойынша Парламент Конституцияға Парламенттің өкілеттіктерін, қоғамдық өмірдің демократиялық негіздерін кеңейткен жиырмаға жуық өзгерістер мен толықтырулар енгізді. Президент Н. Ә. Назарбаевтың бастамасымен 2007 жылғы 21 мамырда Республика Парламенті «Қазақстан Республикасының Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заң қабылдады. Заң қоғамдық құрылысқа бірқатар елеулі өзгерістер енгізді. Парламенттің өкілеттіктерін кеңейтті. 1995 жылғы Қазақстан Республикасының Конституциясы кіріспеден, тоғыз бөлімнен және 98 баптан тұрады. Конституция бойынша Қазақстан Республикасы өзін демократиялық, зайырлы және әлеуметтік мемлекет ретінде орнықтырады. Адам және оның өмірі, құқықтары мен бостандықтары мемлекеттің жоғары құндылықтары деп жарияланды. Қазақстан Республикасы президенттік басқару нысанындағы біртұтас мемлекет болып табылады. Конституция бойынша халық мемлекеттік биліктің бірден-бір бастауы болып есептеледі және оны тікелей республикалық референдум, еркін сайлау арқылы, сондай-ақ өзінің билігін мемлекеттік органдарға беру жолымен жүзеге асырады. Мемлекеттік билік Конституция мен заңдар негізінде оның заң шығарушы, атқарушы және сот тармақтарына бөлінуі принципіне сәйкес жүзеге асырылады. Биліктің бұл тармақтары тежемелік әрі тепе-теңдік жүйесін пайдалана отырып, бір-бірімен өзара байланыста іс-қимыл жасайды. Конституция идеологиялық, саяси партиялар мен қоғамдық бірлестіктер құруға мүмкіндік береді. Мемлекеттік және жеке меншікті мойындау әрі тең дә
Страницы: << < 20 | 21 | 22 | 23 | 24 > >>