режеде қорғау туралы ереже елеулі ереже болып табылады. Жер және оның қойнауы, суы, өсімдіктер мен жануарлар дүниесі, басқа да табиғи ресурстар мемлекеттің меншігінде саналады18.
Қазақ тілі мемлекеттік тіл болып табылады. Мемлекет Қазақстан халқының тілдерін үйренуге және дамытуға жағдай туғызуға қамқорлық жасайды. Конституцияда азаматтық алу және оны тоқтату туралы, азаматтардың жекебасылық, экономикалық, саяси, әлеуметтік және мәдени құқықтары мен бостандықтары, сондай-ақ олардың міндеттері туралы нормалар баяндалған. Азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын іске асырудың материалдық, саяси және заңнамалық кепілдіктеріне, сондай-ақ ұлтаралық келісімді қамтамасыз етуге ерекше көңіл бөлінеді. Қос азаматтыққа жол берілмейді.
Өзінің тәуелсіздігін алған Қазақстан Республикасын дүниежүзінің ондаған елі таныды. Біздің елді алғашқылардың бірі болып Түркия, сол сияқты АҚШ, Германия, Франция, Ұлыбритания және т. б. ірі-ірі мемлекеттер мойындады. Қазақстан шет елдерде дипломатиялық және консулдық өкілдіктер ашуға кірісті. Ал Алматыда шетелдік елшілік пен миссия, халықаралық және ұлттық ұйымдардың өкілдіктері жұмыс істей бастады. Республиканың егемендікке қол жеткен алғашқы кезінен бастап мемлекет аралық және үкімет аралық келісім-шарттарға қол қою жүзеге асырылды.
Тәуелсіз Қазақстан Республиканың алдына үлкен келелі міндеттер қойылды. Олар елдің ішкі жағдайында Егемен Қазақстан мемлекетінің тұтастығын нығайтып, нарықтық экономикаға көшу, жоспарлады іске асыру, елдің ішінде көп ұтты халықтардың бірлігін сақтауда барлық мүмкіндіктерді пайдалану. Қазақстанның сыртқы саясатындағы басты міндеттер –оның бүкіл дүниежүзі елдерімен байланыстарын одан әрі дамытып, алдыңғы қатарлы өркениетті мемлекеттердің қатарына қосылу, елдің қәуіпсіздігін қорғау, әлемде бейбітшілікті са
Страницы: << < 21 | 22 | 23 | 24 | 25 > >>