Тәуелсіздік тұғырым

Страницы: <<  <  19 | 20 | 21 | 22 | 23  >  >>

икасы өзінің барлық басқа мемлекеттермен өзара қатынасын халықаралық құқық принцитері бойынша құрады деп жазылды. Өзінің мемлекеттік тәуелсіздігін басқа мемлекеттердің тануы үшін Қазақстан Республикасының ашық екені жарияланды. Мемлекеттік егемендіктің аталмыш принциптері тәуелсіз Қазақстан қызметінің негізіне алынды және алғашқы күннен бастап жүзеге асырыла бастады12.
«Мемлекеттік тәуелсіздік туралы» Конституциялық Заңның бірқатар ережелері Қазақстан Республикасының халқы мен азаматтарының мәртебесіне арналды. Тарихи тағдыр ортақтастығы қазақ ұлтымен біріктірген барлық ұлттар азаматтарының жиынтығы болып табылатын Қазақстан халқының анықтамасы келтірілді. Қазақстан халқы республикада егемендіктің бірден-бір иесі және мемлекеттік биліктің қайнар көзі болып табылады және ол оны тікелей де өздері сайлайтын мемлекеттік органдар арқылы да жүзеге асырады. Заң Қазақстан халқын таптарға бөлмейді, қайта оны әлеуметтік тұрғыдан бірыңғай, тұтас құбылыс ретінде қарайды. Халықты бұлай түсінудің зор маңызы бар, өйткені халықтың бір әлеуметтік тобы екінші әлеуметтік тобына қарама-қарсы қойылмайды, қайсыбір топқа саяси-құқықтық және басқадай артықшылықтар берілмейді. Конституциялық заі егемендіктің маңызды элементін өз азаматтығының болуын баянды етті. Республикасының барлық азаматтар өздерінің ұлтына ұстайтын дініне, қандай қоғамдық бірлестікке жататынына, тегіне, әлеуметтік және мүліктік жағдайына шұғылданатын қызметіне, тұрғылықты орнына қарамастан бірдей құқықтары иеленіп, бірдей міндеттерлікте болатыны мойындалды. Азаматтық тең құқылыққа қол сұғылмаушылықтың заң бойынша жазаланатыны ерекше атап көрсетілді.
1993 жылғы 28 қаңтарда Қазақстан Республикасының Жоғарғы Кеңесі тәуелсіз, егеменді Қазақстан мемлекетінің тұңғыш Конституциясын қабылдады. Ол жаңа тәуелсіз мемлекетті

Страницы: <<  <  19 | 20 | 21 | 22 | 23  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: