ың Мемлекеттік тәуелсіздігін жариялады. Заңның кіріспесінде Қазақстан мемлекеті басшылыққа алуға тиіс Қазақстан мемлектінің құқықтық принциптері баяндалды. Оларға Жалпыға бірдей адам құқықтары декларациясында, халықаралық құқықтың жалпы жұрт таныған өзге де нормаларында баянды етілген жеке адамның құқықтары мен бостандықтарының, қазақ ұлтының өзін-өзі билеу құқықғының басымдығын мойындау, азаматтық қоғам мен құқықтық мемлекет құру, бейбітшіл сыртқы саясатты жүзеге асыру жатады.
«Мемлекеттік тәуелсіздік туралы» Конституциялық Заң бойынша Қазақстан Республикасы тәуелсіз, демократиялық және құқықтық мемлекет деп танылды. Тәуелсіз мемлекет ретінде Қазақстан Конституциялық заңға сәйкес өз аумағында бүкіл өкімет билігін толық иеленеді, ішкі және сыртқы саясатты дербес белгілеп, жүргізеді. Демократиялық және құқықтық мемлекетті құру стратегиялық мақсат болып табылады. Конституциялық заңда мемлекеттік тәуелсіздіктің маңызды принципі орнықтырылды. Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында оның Конституциясы заңдары қолданылады. Конституциялық заңның мұндай ережесін КСР Одағының құлауымен және оның Конституциясы мен заңдарының Қазақстан аумағында қолданылуын тоқтатуымен түсіндірілді. Қазақстан Республикасы мойындаған халықаралық құқық нормалары Конституциялық заң бойынша қалыптасатын ұлттық құқықтық жүйенің бастау көзі болып табылады. Қазақстанның әлемдік қоғамдастыққа кіруі үшін бұл ереженің зор маңызы бар. Конституциялық заң мемлекеттік егемендіктің басқа бір маңызды принципін де орнықтырды. Қазақстан Республикасының аумағы қазіргі шекараларында біртұтас, бөлінбейтін және қол сұғуға болмайтын аумақ деп жарияланды. Мемлекеттің басқа мемлекеттермен өзара қатынасының негізгі принциптері оның тәуелсіздігінің елеулі белгісі болып табылады. Конституциялық заңда Қазақстан Республ
Страницы: << < 18 | 19 | 20 | 21 | 22 > >>