Тәуелсіздік тұғырым

Страницы: <<  <  22 | 23 | 24 | 25 | 26  >  >>

қтай отырып, ядролық соғысты болғызбау. Халықтың ерік жігері тек осындай аса маңызды міндеттерді іске асыруға бағытталды. 1992 жылы қаңтарда Қазақстан өзінің тұңғыш сом алтынын шығарып, мемлекеттің алтын қорын жинауды бастады.
Қазақстанның тәуелсіз мемлекет болып қалыптасуы кезек күттірмейтін міндет ретінде оның мемлекеттік рәміздерін қабылдауды талап етті.
1992 жылы маусымда Жоғарғы Кеңестің сессиясы республиканың жаңа мемлекеттік Туы мен Елтаңбасын бекітті. Сол жылғы желтоқсанда Республиканың Гимнінің (әнұран) жаңа мәтіні қабылданды38.
1936 жылы бекітілген Қазақ КСР-інің мемлекеттік туы мен елтаңбасында Кеңес елінің идеологиялық бағытын (тап күресі, «кеңес» халқының бірлігі, коммунизм идеясын дүние жүзіне тарату) бейнелеген және республиканың этникалық-мәдени ерекшелігін ескермеген рәміздер енгізілген еді. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туы – мемлекеттік негізгі рәміздердің бірі. Тудың ортасында арайлы күн, күннің астында қалықтаған қыран бейнеленген. Тік бұрышты көгілдір матаның ағаш сабына бекітілген тұсында ұлттық оюлармен кестеленгентік жолақ өрнектелген. Тудың ені ұзындығының жартысына тең. Бірыңғай көк-көгілдір төбедегі бұлтсыз ашық аспанның биік күмбезін елестетеді және Қазақстан халқының бірлік, ынтымақ жолына адалдығын аңғартады. Күн – уақыт, заман бейнесі. Ұлан-байтақ кеңістікте қалықтаған қыран Қазақстан Республикасының еркіндік сүйгіш асқақ рухын, қазақ халқының жан-дүниесінің кеңдігін паш етеді.
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасының негізі –шаңырақ. Ол елтаңбаның жүрегі. Шаңырақ мемлекеттің түп-негізі –отбасының бейнесі. Шаңырақ –күн шеңбері. Айналған күн шеңберінің қозғалыстағы суреті іспетті. Шаңырақ – киіз үйдің күмбезі көшпелі түркілер үшін үйдің, ошақтың, отбасының бейнесі. Тұлпар – дала дүлдүлі, ер-азаматтың с

Страницы: <<  <  22 | 23 | 24 | 25 | 26  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: