Тәуелсіздік тұғырым

Страницы: <<  <  17 | 18 | 19 | 20 | 21  >  >>

лмағанымен іс жүзінде осы мазмұнға сай еді, өйткені 1978 жылғы Қазақ КСР Конституциясында «конституциялық заң» деген ұғым мүлде жоқ болатын. Бұл заң социалистік мемлекетті тарату үшін құқықтық негізді қорытындылады. Заң мемлекеттің мәнін таптық ұстаным тұрғысынан емес, өркениеттік тұрғыдан бағалады. Қазақстан халқы жұмысшы табына, шаруаларға және зиялы қауымға бөлінбеді, ал «Қазақ Кеңестік Социалистік Республикасы социалистік жалпыхалықтық мемлекет ретінде» (Қазақ КСР Конституциясының 1-бабы) солардың еркі мен мүдделерін білдірді. Жаңа Заң таптар мен әлеуметтік жіктерді ауызға алмай, бүкіл халықтың «өзін-өзі билеу, адам құқықтары мен бостандықтарының мызғымайтындығына,иқоғамның саяси және идеологиялық алуан түрлілігіне негізделген демократиялық, тәуелсіз, бейбітшіл, құқықтық мемлекеттік құруға» ұмтылысын басшылыққа алды. Заңнан келтірілген үзіндіде «социалистік» мемлекет тетігін жою қажеттігі туралы идеялар ғана емес, сонымен бірге мемлекеттің ұйымдастырылуы, қызметі және оның міндеттері принципін түбірімен өзгерту идеялары да баяндалған. Мұнда бұрынғы Қазақ КСР-і демократиялық және құқықтық емес әрі тәуелді мемлекет екендігі жанама түрде мойындалады. Заң Қазақ КСР-ін Қазақстан Республикасы деп қайта атады. Ол тиісті өзгерістер енгізу, атап айтқанда, «Қазақ КСР-інің Мемлекеттік егемендігі туралы Декларацияға» өзгерістер енгізу қажеттігін көрсетті. 1991 жылғы 10 желтоқсандағы Заң қабылданған сәттен бастап, құжат «Қазақ Республикасының Мемлекеттік егемендігі туралы Декларация» деп атала бастайды7.
Қазақстан Республикасының Жоғарғы Кеңесі 1991 жылы 16 желтоқсанда қабылдаған «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік тәуелсіздігі туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық Заңы тарихи құжат болды. Заң КСРО-ның құлауына бйланысты қабылданды және Қазақстан Республикасын

Страницы: <<  <  17 | 18 | 19 | 20 | 21  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: