Президент стратегиялық бағдарламада (2006) дербес екі міндетті: таяудағы 10 жылда, біріншіден, әлеуметтік дамыған 50 елдің қатарына кіру және, екіншіден, дүние жүзінің бәсекеге қабілетті 50 елінің қатарына кіру міндеттерін қойды23.
Соңғы жеті жыл бойына экономиканың тез өсуі нәтижесінде Қазақстан өзінің негізгі көрсеткіштерін айтарлықтай жақсартты. ЖІӨ-нің халықтың жан басына шаққан мөлшері бойынша біз таяу көршілерімізді — Өзбекстанды, Қырғызстанды және Қытайды басып оздық, тек Ресейден ғана кейін келеміз. Алайда егер әлемнің 180 елі қатысатын салыстырмалы талдауға жүгінетін болсақ, онда Қазақстан 71-орында, алда тек 30 дамыған ел ғана емес, сонымен бірге бірқатар дамушы елдер де бар. Төменгі топтағылардан Болгария, Балтық жағалауы елдері, Чех Республикасы, Венгрия, Польша, Словения, Аргентина, Бахрейн және басқалар бізден алда келеді.
Әлеуметтік нормалармен байланысты істің жайы бұдан да нашар. Қорытындыланған әлеуметтік көрсеткіш әлеуметтік даму индексімен сипатталады, онда халықтың жан басына шаққандағы нақты табыспен қатар өмірдің ұзақтығы да ескеріледі. Ол бойынша Қазақстан 80-орынды алып отыр. Өмірдің ұзақтығы әйелдерде — 67 жас, ал ерлерде — 61 жас, мұның өзі ТМД-ның барлық елдеріндегіден төмен. Салыстыру үшін: Өзбекстанда өмірдің ұзақтығы әйелдерде — 70 жас, ерлерде — 63 жас.
Бағдарламаның ақырғы нәтижесі бойынша Қазақстанның ІЖӨ 270 миллиард АҚШ доллары болуға тиіс. Осындай ұлан-ғайыр бағдарламаны жүзеге асыра отырып, Қазақстан өзінің ішкі нарығын азық-түлікпен қамтамасыз етіп қана қоймай, сонымен бірге аграрлық салада еңбек өнімділігін 4 есе көбейтеді, сондай-ақ экспорттық әлеуетті ұлғайтады. Отандық дәрі-дәрмек нарығының сұранысын 50 қамтамасыз ету жоспарланды. Құрылыс индустриясын дамыту нәтижесінде отандық өндірушілерге құрылыс материал
Страницы: << < 145 | 146 | 147 | 148 | 149 > >>