Тәуелсіздік тұғырым

Страницы: <<  <  144 | 145 | 146 | 147 | 148  >  >>

дан астам уақытты артқа тастадық. Қазақстанның Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың 1997 жылы қазанда ел халқына жария еткен Қазақстан-2030 Стратегиясының құрғақ қиялдай көрінгені рас.
. . . Уақыт өз дегенін істеді. Қазақстан-2030 Стратегиясындағы болжамдар ақиқатқа айнала бастады. Мұны енді қазақстандықтар ғана емес, басқа елдер де көріп отыр.
Стратегияда көзделген мақсат – ұлттық бірлікке, әлеуметтік әділеттілікке, бүкіл жұртшылықтың экономикалық әл-ауқатын жақсартуға қол жеткізу үшін тәуелсіз, гүлденген және саяси тұрақты Қазақстан мемлекетін орнату. Осы мақсатқа орай көптеген шаралар жүзеге асырылуда.
Таяудағы жылдары 150 жаңа денсаулық сақтау нысандары мен 300 ауылдық дәрігерлік амбулатория салынуы көзделді. Мүгедектер мен мүгедек балаларды сауықтырудың халықаралық стандарттарға сай келетін өңірлік орталықтары желісін жасау талап етілді, ондайлар қазірдің өзінде осында, Астанада құрылған.
Алға қойылған міндеттерді одан әрі іске асыру мақсатында 2006 жылы Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі Көлік стратегиясы қабылданды. Оның аясында қаржыландырудың түрлі көздері есебінен 30 миллиард АҚШ доллары шамасындағы сомаға 80-ге жуық инвестициялық жобаны іске асыру жоспарланып отыр.
Осы заманғы білім жүйесін дамыту, кадрларды даярлау мен қайта даярлауды және озық технологияларды игеруді дамыту үшін біздің халықаралық рынокқа белсендірек шыққанымыз жөн. Қазақстанға белгілі шетелдік білім орталықтарын тартып, осында олардың филиалдары ашылуда.
Біздің негізгі мақсатымыз – 1997 жылы Елбасы жария еткен Қазақстанның 2030 жылға дейінгі даму стратегиясының межелеріне қол жеткізу. Алдымыздағы бесжылдық жоспарлар мен онжылдық бағдарлама осы басты құжатқа бағындырылады. Бұл дегеніңіз біздің алдымызда алысты көздеген айқын мақсат бар деген сөз.

Страницы: <<  <  144 | 145 | 146 | 147 | 148  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: