уға мәжбүр болған маңызды активтерді қайтардық. Бұл — Екібастұз 1-ші ГРЭС-і, «Богатырь» разрезі, Қашағандағы біздің үлесіміз, Маңғыстаумұнайгаз және барлық үш мұнай өндеу зауыты.
Жұмыссыздық деңгейі 6,3-ды құрады, ал бұл дағдарысқа дейінгі уақыттағыдан төмен.
Тиімді іске асырылған жұмыспен қамту стратегиясының арқасында елде 400 мыңнан астам жұмыс орындары ашылды.
Біз төтеп бердік. Енді біз 2020 жылға дейінгі Даму стратегиясын орындауға кірісеміз»8.
Сонымен, Қазақстан 2007 жылғы тамызда басталған әлемдік дағдарысты бастан кешірді. Тек бастан кешіріп қана қойған жоқ, сонымен бірге өзінің пайдасына шешті. Мемлекетте ауылға бет бұруға мүмкіндік туды. Қазақстан онжылдыққа арналған даму бағдарламасын қабылдап және оны жүзеге асыруға кірісіп қана қоймай, экономиканы толық инновациялау бағытын ұстады. Бағдарламаның ақырғы нәтижесі бойынша Қазақстанның ІЖӨ 270 миллиард АҚШ доллары болуға тиіс. Осындай ұлан-ғайыр бағдарламаны жүзеге асыра отырып, Қазақстан өзінің ішкі нарығын азық-түлікпен қамтамасыз етіп қана қоймай, сонымен бірге аграрлық салада еңбек өнімділігін 4 есе көбейтеді, сондай-ақ экспорттық әлеуетті ұлғайтады. Отандық дәрі-дәрмек нарығының сұранысын 50 қамтамасыз ету жоспарланды. Құрылыс индустриясын дамыту нәтижесінде отандық өндірушілерге құрылыс материалдарының сұранысын 80-ға қанағаттандыру үшін жағдай жасалды. Осы бағдарлама шеңберіне бұрын елімізде болмаған әскери-өнеркәсіптік өндіріс жасау кіреді. Бұл бағдарламаның дер кезінде және толық іске асырылатынына ешқандай күмән жоқ, өйткені мүмкіндіктер жеткілікті: 2010 жылдың бірінші тоқсанындағы даму көрсеткіштері даусыз айғақ болып табылады.
Қорытынды
Тәуелсіз Қазақстан мемлекетінің әлеуметтік-экономикалық дамуының басты құжаты Қазақстан-2030 бағдарламасы қабылданғаннан бері біз 10 жыл
Страницы: << < 143 | 144 | 145 | 146 | 147 > >>