Тәуелсіздік тұғырым

Страницы: <<  <  146 | 147 | 148 | 149 | 150  >  >>

дарының сұранысын 80-ға қанағаттандыру үшін жағдай жасалды. Осы бағдарлама шеңберіне бұрын елімізде болмаған әскери-өнеркәсіптік өндіріс жасау кіреді. Бұл бағдарламаның дер кезінде және толық іске асырылатынына ешқандай күмән жоқ, өйткені мүмкіндіктер жеткілікті: 2010 жылдың бірінші тоқсанындағы даму көрсеткіштері даусыз айғақ болып табылады65.
Зерттеу- нәтижесінің тәжірибеде қолданыс табуы
Тәуелсіз Қазақстан: жетістіктері мен болашақтағы даму перспективалары
Сабақтың тақырыбы: «Тәуелсіз Қазақстан: жетістіктері мен болашақтағы даму перспективалары».
Сабақ мақсаты: оқушыларды отаншылдыққа, ұлтжандылыққа, туған жеріне, атамекеніне дегенсүйіспеншіліктерін арттыруға дұрыс бағыт-бағдар беру, өз елінің тарихын сыйлауға, әдет-ғұрпын құрметтеуге үйрету, оқушыларды өз елін, жерін сүйетін, елінің өсіп өркендеуіне өз үлесін қосатын, елін мақтан тұта білетін азаматты патриоттық рухта тәрбиелеу.
Білімділік: Оқушыларға Қазақстан Республикасы Мемлекеттік рәміздерінің маңыздылығын түсіндіру Қазақстанның егемендікке жету жолы, қазіргі таңдағы республика өміріне кеңінен тоқталу.
Дамытушылығы: Оқушыларды жан-жақты ойлауын, сөйлеу қабілетін,
түйсігін, дүниетанымын дамыту, пәнге қызығушылығын арттыру.
Тәрбиелік: Оқушыларды отансүйгіштікке, ұлтжандылыққа, туған жеріне, ата-мекеніне деген сүйіспеншіліктерін арттыруға дұрыс бағыт-бағдар беру, өз елінің тарихын сыйлауға үйрету, оқушыларды патриоттық рухта тәрбиелеу.
Сабақтың көрнекілігі: ҚР 1991-2010 жылға дейінгі тарихынан үзінділер бейнеленген слайдтар, үн қағаздар, буклеттер, карта, фотосуреттер, үнтаспа. «Тәуелсіз Қазақстан» атты қабырға газеті, лозунгі, Қазақстан Республикасының рәміздері, нақыл сөздер, мақал-мәтелдер.
Жоспар:
Кіріспе
Ел тарихынан шағын түсінік
Өткен жылдар жемісі<

Страницы: <<  <  146 | 147 | 148 | 149 | 150  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: