br/>«Қазақстан ХХІ ғасырда» оқушылар шығармашылығы
Ойын «Сен білесің бе?», «Сұрақ-жауап»
Мұғалім: Қазақстан! Қазақ халқының атамекені, ұлы ордалы киелі ошағы. Қазақстан Республикасы – Еуразияның орталық бөлігінде орналасқан тәуелсіз мемлекет. Аумағы – 2724мың км2. Қазақстан Республикасы зайырлы, демократиялық және біртұтас мемлекет болып табылды. Елордасы – Астана қаласы. Мемлекет басшысы – президент. Заң шығаратын жоғары органы сенат және мәжілістен тұратын парламент. Атқарушы билігі – республика үкіметі. Ақша бірлігі – теңге. Мемлекеттік тіл – қазақ тілі. Өткен тарихқа көз жүгіртсек ХV ғасырда қуатты қазақ хандығы құрылды. Бірақ бейбіт өмір сүре алмайды, ұлан – байтақ елімізге жоңғар қалмақтары шабуыл жасап елді қан жылатты. Дүрліккен ел шұбыра қашып «Ақтабан шұбырынды алқакөл сұлама» зұлымдықтарын бастан кешті. Халқымыздың басынан қара бұлт сейілмейді. Ұлттық намысын жоғары ұстаған қазақ халқы талай сыннан сүрінбей өтіп 1941 – 1945 жылдар аралығындағы Ұлы Отан соғысында ерен ерлік үлгісін көрсетті. Қазақ халқы ғасырлар бойы азаттықты аңсады. 1986 жылы желтоқсанда отты оқиға болды. Елдің егемендігін аңсаған қазақ жастары ұлттық намыс құдіретін әлемге паш етті. Енді 20 жылдық тәуелсіздік тарихына көз жүгіртсек. Егемендігіміз ұзағынан болсын!
1 – оқушы: 1990 жылы 25 қазанда Егемендік туралы декларацияға қол қойылды.
Арманға ақыр жеттік ел болдық та Егемен,
Ойда жоқта түскен жоқ ол төбеден.
Тарихы сол күрестердің тартуы ол
Аруақ қолдап, әділ шындық жебеген.
2 – оқушы: 1991 жылы 1 желтоқсанда республика жұртшылығы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевты Республикамыздың президенті етіп сайлады. 1991жылы 2 қазанда Алаштың Ақберені Тоқтар Әубәкіров ғарышқа ұшты. (Президент портреті көрсетіледі)
3 – оқушы: 1992 жылы Қазақстан Республикасы Бі
Страницы: << < 147 | 148 | 149 | 150 | 151 > >>